Бес әлеуметтік бастамаЖаңалықтарҚоғам

ЕҢБЕГІ КӨПТІҢ, ӨНБЕГІ КӨП

Елбасы Тәуелсіздік алғаннан бастап, күні бүгінге дейін жеріміз бен еліміздің көркеюіне ерен еңбек жасап келе жатыр. Мәселен, жуырда ғана көшбасшымыздың халқына жария еткен «5 әлеуметтік бастамасы» бағдарламасын атап айтпасқа болмайды. Осының арқасында біз жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасаудамыз. Халқымыздың әл-ауқаты екі есе жақсарып, әлеуметтік сапасы көтерілді. Елбасымыздың бесінші бастамасында айтылғандай еліміз газбен толық қамтамасыз етіліп, оған қоса, шағын, орта бизнестің жаңа өндірістік мүмкіндіктері пайда бола бастады. Бұл елді мекенде тұратын әрбір жанұяға өте тиімді, әрі қолайлы. Оған қоса, «7-20-25» бағдарламасы бойынша әрбір отандасымызға тұрғын үй сатып алу оңайға түсіп, елімізде баспанасыз жүрген халықтың саны азаяды.

Бұл тек бастамасы болса да, жұмыс өте қарқынды жүріп, оң нәтиже көрсетіп жатыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, әрбір қазақстандық бірлесіп жұмыс істесек, бұдан үлкен жетістікке жетерімізге кәміл сенімдемін!

 

Сая ИСА, жас түлек

АУЫЛ ДАМУЫНА ДЕН ҚОЯТЫН КЕЗЕҢ

Алдыңғы ақпарат

АНУАР НУРПЕИСОВ И АЙСУЛУ АЗИМБАЕВА ОТПРАВЯТСЯ В МЕДИА- ЭКСПЕДИЦИЮ НА ХАН- ТЕНГРИ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *