Білім және ғылымЖаңалықтар

ДІНИ САУАТСЫЗДЫҚ – ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ БАСТАУЫ

Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам аз шығар. Баспа немесе ғаламтор беттерінен шет елдердегі және Қазақстандағы діни ахуал, соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мәліметтер жетерлік. Бұл аталған мәселенің ғаламдық деңгейде орын алып отырғандығының белгісі.

Іле ауданы М. Түймебай ауылы 78460 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметшілермен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде діни экстремизмге қарсы әрекет жасау сферасында идеологиялық жұмыстар жүргізілуде. Сабақты әскери полиция қызметкері капитан Д. Бақытбек,

78460 әскери бөлімінің идеологиялық жұмыс және арнайы насихат жөніндегі офицері лейтенант Д. Тойлыбеков және әскери қарсы барлау қызметкерлері жүргізді.

Жалпы діни экстермизмнің қай аймақта болмасын таралуына себеп болатын бірнеше алғышарттарды атап өтуге болады. Ең алдымен бұл діни сауатсыздық. Дінге толық таныммен келмеу діни сауатсыздықтың басты көрінісі болып отыр. Бұл жерде Абайдың иманды «якини» және «тақлиди» деп бөліп қарастыруы өзекті болуда. Мұның алғашқысы танымнан, ақыл дәлелінен туындайтын шын иман. Екіншісі «өзі ештемені білмей, еш нәрсе туралы ойламай, дін иелерінің сөзіне еріп, «ел қалай көшсе, мен де солай көштім» деген надандықтан шыққан соқыр сезім, үстірт наным» – бұл қазіргі қоғамға тән, діни сауатсыздықтың көрінісі, діни радикалданудың себебі болып отыр. Бұл жиын осындай сауатсыздықты жоюға ұйымдастырылып отыр.

Тағы айта кететін жайт, Қазақстан Республикасында тыйым салынған діни кітаптар, мистикалық және экстремистік, құқықтық тәртіп және әскери тәртібін күшейту, әскери қызметшілерді діни сауаттылығын арттыру үшін жүргізілді.

Даулет ТОЙЛЫБЕКОВ, 78460 әскери бөлімінің идеологиялық жұмыс және арнайы насихат жөніндегі офицер лейтенанты

0

МӘМС ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ

Алдыңғы ақпарат

БАҒЫТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *