Дін және қоғамҚоғам

ДІН – ТӘРБИЕНІҢ РУХАНИ ТІРЕГІ

Атамыз алаш, ұлтымыз қазақ. Әлмисақтан мұсылман болған ел. Оны тарих дәлелдеп, мәдениетіміз көрсеткен.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, біз, кеше ғана мұсылман болған ел емеспіз. Онымен қатар дінді өзге ұлттан үйренуге мұқтаж емеспіз. Зайырлылық анамыздың сүті, әкеміздің қанымен сіңген. Ал, дін – бабамыздан мұра болып, тәрбиемізге тірек болған. Қазіргі таңда ұлттың бірлігіне сызат түсіріп, қой терісін жамылған қасқырдай, ұлттың ұйытқысын ірітіп жүрген салафизм, вахавизм сынды ағымдар өрттей өршіп тұр. Біз бұл мәселеге жұрт болып жұмылып, ақиқатты аңғартуымыз керек. Зайырлы қоғам, заңғар көктен көріну үшін, тарихымызға тамыр жіберіп, дәстүрімізге діңгек тартып, ақиқаттың ақ туын желбіретіп, елдің бізге артқан сенімін ақтауымыз керек. Жоғарыда айтылған саналы, зайырлы қоғамды орнату үшін:

  1. Ұлттың қатпарлы тарихын ашып, танымына түрткі болу;
  2. Дәстүріміздің ғаламат жауһарларын қайта жаңғыртып, заманымызбен үндестіру;
  3. Жаһанданған, рухани жаңғыру ғасырында ұлттың жан-жақты сауаттылығын жетілдіру;
  4. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген ауқымды мәселелерді баса назарға ұстап, орындалуын жеделдету керек;

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе», – деп өсиет еткен. Осы сөзбен мазмұндас: «Балалар бақшадағы жас шыбық секілді. Егер бабы дұрыс болса, шыбық өсіп-өніп, өнім береді» деген жақсы сөз бар. Қорыта келе, ертеңіміз болатын жас ұрпақтың рухани кеңістігін тәрбиемен толықтырып, біліммен жетілдіріп, әлемге кең құлаш жайып, қазақтың туын көкке желбіретіп, елім дейтін азаматтарды тәрбиелеуіміз керек.

 

Т.ШАУКЕНОВА «Энергетический ауылдық округі әкім аппараты» ММ бас маманы 

0

АҒАЙЫН-ТУЫСПЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҮЗБЕУ

Алдыңғы ақпарат

«УАҺАБИЛІК» НЕМЕСЕ «СӘЛӘФИЛІК» ДІНИ АҒЫМЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *