ЖаңалықтарЗнай нашихМерекелер

ДЕРЕКТЕР МЕН ДӘЙЕКТЕР


1928 жылдың 17 қаңтарында Алматы уезі таратылып, оның болыстықтарынан Алматы ауданы құрылады. Ал, 1928 жылдың 3 қыркүйегіндегі Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің шешімімен Алматы және Іле болыстықтарынан Іле ауданы құрылып, оның орталығы Садықбай ауылы, қазіргі Шилікемер болады. 1928 жылдың шілде айында Алматы уездік атқару комитеті таратылып, оның қызметі сол кезде жаңадан құрылған аудандық ұйымдастыру комитеттерінің қарамағына өтеді. Бір жыл өткен соң, 1929 жылдың екінші шілдесінде облыстық атқару комитетінің №27 шешімі бойынша Іле ауданының орталығы Садықбай ауылынан Қорласбай ауылына көшіріледі. Осы шешім арқылы Қорласбай елді мекеннің атауы Елтай болып өзгеріледі. Іле ауданының негізі осылай қаланады.
1930 жылдың 17 желтоқсанында Алматы округі таратылып, кейбір аудандар ірілендірілген. Осы кезде Қарғалы ауданының бір бөлігі болып Іле ауданы қайта құрылады. Бұл уақытта ауданның аумағы 13250 шаршы километрді қамтып, халқының саны 28500 адам болған екен. Айналасы бір-екі жылдың ішінде аудан аумағы 7527,58 шаршы километрге ұлғайып, халықтың саны 53423 адамға жеткен.
1932 жылдың 20 ақпанында Бүкілодақтық атқару комитетінің қаулысымен құрамы 24 ауданнан тұратын Алматы облысы құрылды. Осы облыс құрамына кіретін Іле ауданының орталығы Қаскелең, одан соң Талғар ауылына көшіріледі. 1933 жылдың 16 қарашасында Калинин ауданы таратылып, ол Алматы қаласының құрамына өтеді. Оның бір бөлігі Іле ауданы мен Еңбекшіқазақ аудандарының құрамына беріледі.
1940 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша Іле ауданының орталығы Талғар селосы болып, аудан аумағы 12,2 мың шаршы километрді қамтып, халық саны 47131 адам болған екен. Аудан құрамына 12 ауылдық, поселкелік Кеңестер, 134 елді мекен, 1 жұмысшы поселкесі кірген.
***
Орталық атқару Комитетінің 1954 жылғы 7 шілдесіндегі «Ірілендірілуіне байланысты Алматы облысы селолық және ауылдық Кеңестерінің әкімшілік-аумақтық бөлінуіне өзгеріс енгізу туралы» Жарлығы бойынша Іле ауданындағы Алға және Жаңа Алексеевка селолық кеңестері қосылып, Жаңа Алексеевка ауылдық Кеңесі, Социал және Ворошилов селолық Кеңестері біріктіріліп, Ворошилов селолық Кеңесі құрылды. Сонымен бірге Жаңадәуір, Ынтымақ елді мекендері Сталин селолық Кеңесінің құрамына, Қоянқұс ауылы Первомай Кеңесінің құрамына, 12 Декабрь Ворошилов селолық Кеңесінің құрамына берілгендіктен Калинин селолық Кеңесі, Жаңаарна ауылы, Жетіген селолық Кеңесінің, Әли ауылы Сталин селолық Кеңесінің құрамына берілгендіктен, Қызыл-Ту селолық Кеңесі таратылды. Осы Жарлық бойынша Іле поселкелік Кеңесінің Шеңгелді елді мекені Жаңа Алексеевка селолық Кеңесіне, Казправда ауылы Фрунзе селолық Кеңесінің қарамағына берілді.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1957 жылғы 31 қазандағы Жарлығы бойынша Алматы селолық аудандарының қысқартылуына байланысты Белбұлақ, Тау Октябрь, Калинин, Кіші Алматы селолық Кеңестері Іле ауданының құрамына өтті.
1959 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша орталығы Талғар селосы болған Іле ауданының аумағы 7,6 шаршы шақырымды қамтып, құрамында бұрынғыдай 12 селолық-ауылдық Кеңес, 2 жұмысшы поселкесі қалды. Сол кезде Іле ауданының құрамында Белбұлақ, Ворошилов, Тау Октябрі, Жетіген, Калинин, Кіші Алматы, Жаңа Алексеевка, Октябрь Первомай, Сталин, Талғар селолық Кеңестері және Қараой поселкелік Кеңесі болды.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша 1956 жылдың 27 желтоқсанында Іле ауданында Қараой поселкелік Кеңесі құрылды. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1962 жылдың 30 желтоқсанындағы Жарлығы бойынша Алматы өнеркәсіптік және Алматы облыстық атқару комитеті құрылды.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығы бойынша Ақсу, Талдықорған, Еңбекшіқазақ сияқты селолық аудандардың ірілендірілуіне байланысты кейбір аудандар таратылды. Сөйтіп, Іле ауданы Еңбекшіқазақ ауданына қосылды. Арада үш жыл өткен соң, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 жылдың 31 қаңтарындағы Жарлығы бойынша Еңбекшіқазақ ауданы құрамынан Іле ауданы қайтадан бөлініп шығып, оның орталығы Талғар қаласына көшірілді. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының осы жылдың 24 маусымдағы Жарлығы бойынша Іле ауданындағы Алматы ГРЭС-нің жанындағы елді мекенге Энергетикалық деген ат берілді.
1967 жылы Іле ауданы Алматы облысының құрамына кірді. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1969 жылғы 10 мамырдағы Жарлығы бойынша Іле ауданының құрамынан бөлініп шығып, Талғар ауданы құрылды да, Іле ауданының орталығы Николаевка селосына көшірілді.
Сондай-ақ, осы Жарлық бойынша Қапшағай ГЭС-І құрылысшыларының поселкесі қала типтес Іле поселкесі болып өзгертілді. Алматы облыстық атқару комитетінің 1970 жылдың 20 маусымындағы шешімі бойынша Іле поселкесінің атауы Қапшағай болып өзгертілді. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1970 жылғы 9 шілдедегі Жарлығы бойынша Қапшағай қаласы облыс қарамағына берілді.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 1970 жылғы 4 желтоқсандағы Жарлығы бойынша Іле ауданының орталығы Қапшағай қаласына көшірілді.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1978 жылғы 16 қарашадағы Жарлығы бойынша Іле ауданының орталығы Энергетикалык, поселкесіне көшірілді.

0

ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА – 90 ЖЫЛ! ӨТКЕННІҢ КӨЗІ, БҮГІНГІНІҢ НАҚ ӨЗІ

Алдыңғы ақпарат

ТОЧКА РОСТА – ЖЕЛЕЗНАЯ БОЧКА Казахстанская предпринимательница привлекла инвестора из Китая, создав совместное производство и новые рабочие места

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *