Қоғам

ӘДЕП КОДЕКСІ САҚТАЛУ КЕРЕК

«2015 жылдың 20 мамыр Н.Назарбаевтың Ұлт жоспары – бес институттың реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасы қабылданған болатын. Мемлекет дамуының негізгі бағдары ретінде белгіленген бұл құжатта көрсетілген міндеттердің орындалуы еліміздің жаңа белестерді бағындырып, дамудың дағыл жолының көрінісі.
Бүгінде қоғамымыздағы түрлі мәселелерге жаңаша көзқараспен қарап, оларды қазіргі кезеңнің талабы мен мүм­кін­діктерін ескере отырып шешу аса маңызды.
Бұл орайда, басты міндеттер айқындалып, оны ойдағыдай жүзеге асырудың нақты жолдары көрсетілген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының маңызы айқын.
Аталған 5 институттық реформаның ең алғашқысы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған. Бұл саладағы жұмыстарды орындау бағытында мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдік-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында 2015 жылы 29 желтоқсан «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» қабылданып, осы Этика кодексінің талаптарын орындау үшін мемлекеттік мекемелердің жұмысын үйлестіруге жауапты құрылым қалыптастырылды. Қаулы бойынша орталық мемлекеттік мекемелерде және облыс әкімдерінің аппараттарында этика жөніндегі уәкілдердің тәуелсіз лауазымы енгізілді. Қалалық және аудандық деңгейлерде этика жөніндегі уәкілдің функциялары әкім аппаратының жауапты қызметкерлеріне жүктеледі.
Бүгінгі таңда, Әдеп жөніндегі уәкіл институты мемлекеттік мекемелерде өз маңыздылығын көрсетуде. Әдеп жөніндегі уәкілдердің алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі – ол ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Осы мақсатпен олар тұрақты түрде елді мекендерге барып түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік қызметкерлер арасында сауалнама, сондай-ақ, азаматтарды қабылдау өткізеді.
Мысалы Іле ауданы әкімдігінің әдеп жанындағы уәкілі тарапынан 2018-2019 ж.ж. мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің сақталу мәселелері бойынша 15 мемлекеттік қызметшілеріне жеке консультативтік көмек көрсетілсе, кент және ауылдық округі әкімдіктері аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдіктерімен бірлесе мемлекеттік қызмет саласындағы әдеп нормаларының сақталуы, әдеп жөніндегі уәкілдердің ролін түсіндіру және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау, жемқорлыққа төзбеушілік мемлекеттік қызметшілердің киім үлгісіне қойылатын талаптар бойынша ауданның 250-ден астам мемлекеттік қызметшілеріне 15 көшпелі дәрістер мен семинарлар өткізіліп БАҚ-та 2 мақала жарияланды.
Сонымен қатар, тиімді жұмыс нәтижесі үшін мекемелерде ұжымдағы моральдік — психологиялық ахуалдың жай-күйін анықтау мақсатында Әдеп жөніндегі уәкілі тарапынан жылына бір рет анонимді сауалнама жүргізіледі.

М. КАРІБАЕВ, Іле ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі

0

ТУҒАН ЖЕР, ТУҒАН АУЫЛ ҚЫМБАТ МАҒАН…

Алдыңғы ақпарат

«УМНИЧКА» НА МЕЖДУНАРОДНОЙ ОЛИМПИАДЕ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *