Астана 20-жылДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ДЕНСАУЛЫҚ  ТУЫ БАЛҚАШҚА БЕТ АЛДЫ

27 маусым күні Өтеген батыр кентіндегі орталық алаңда Астананың 20 жылдығына арналған «Салауатты өмір салты» акциясы ұйымдастырылды. Алаңға дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, дәрігерлер, «Нұр Отан» жастар қанаты жиналды. Акцияның ашылуы сәтті өтті. Қарасай ауданынан келген делегаттармен кездескеннен кейін аудан әкімінің орынбасары Н.Құматаев сөз сөйледі. Ол бүгіндері облыстың біраз өңірін аралап шыққан асқақ Астанамыздың 20 жылдығына орай Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты» акциясы Үшқоңыр баурайындағы Қарасай ауданынан келіп, киелі Іле жеріне қонақтап, енді балығы тайдай тулаған Балқаш ауданына жол тартып барады. Біздің ауданымыз мол табысымен, өнерлі адамдарымен әрқашан мақтанады. Биыл Іле ауданына 90 жыл толғалы отыр. 90 жасқа келген қарт Іле ауданы қашанда Елбасының саясатын бұлжытпай орындап, ел дамуына өлшеусіз үлес қосуда. Осы игі іс жолында Іле тұрғындарының ерен еңбегіне ел куә. Жасымыз жасқа ұласып, көркейген ауданымыз қашан да биік орыннан көрінетініне мен нық сенімдімін. Бүгінгі «Салауатты өмір салты жолында» акциясы арқылы да алдағы мақсаттарға жетеріміз анық.

Аудандық аурухана басшысы М. Егембердиева мен жастардың атынан Ғ. Дауталиев құттықтау сөз сөйледі. Ауданымыздың бір топ белсенділері, Қарасай ауданынан келген делегациядан «Денсаулық» туын қабылдап, Балқаш ауданына жол тартты. Аудан атынан эстафетаны тапсыру аудан әкімінің орынбасары С.Ерекешевке табысталды.

Бағдат ЧОЙБАСОВ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ЖЕТІСУ» ЖӘНЕ «ОГНИ АЛАТАУ» ГАЗЕТТЕРІНІҢ МЕРЕЙТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

Алдыңғы ақпарат

ДЕНЬ ПАМЯТИ И СКОРБИ ПРОШЕЛ В БОРАЛДАЕ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *