ЖаңалықтарҚоғам

ДЕНІ САУДЫҢ — ӨЗІ САУ

Полковник Н. Таусаров басқаратын 78460 әскери бөлімінде салауатты өмір салтын сақтау, маскүнемдік және токсикомандық, нашақорлық заттарды қолданудың алдын алу жөніндегі іс-шаралар онкүндігі өтті. 78640 әскери бөлімінде осы онкүндікке орай 11  мен 20 күні спорттық жауынгерлік даярлық өткізілуде және де еліміз тәуелсіздігінін қолына алып, іргесін бекіткен сәттен-ақ, Қазақстан халқының сәулетті өмір сүріп, салауатты тұрмыс кешуін қамтамасыз етуге жан-жақты қамқорлық әрекетін жасауда.

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру жауынгерлер өз денсаулығына жауапкершілік қатынас орнату дағдысына негізделген, дұрыс дене дамуы мен ағзаның жұмыс қабілетін арттыруға, қозғалыс білік – дағдыларын физикалық жетілдіруіне ықпал етеді.

78460 әскери бөлімінде салауатты өмір салтын сақтау және нашақорлықтың алдын алу жөніндегі спорттық іс-шаралар 5 шақырымға жүгіру өткізілуде және құқықтық ақпараттандыру өткізілуде.

Мерзімді әскери және келісім шарт бойынша әскери қызметшілерге әлемге тамыры кеңінен тараған нашақорлық, ішімдік, маскүнемдік және таксикомандық жолға түскен адамдардың өмірі мен денсаулықтарындағы болып жатқан оқиғалар 2-батальонның жеке құрамына оның Қазақстан Республиқасының қылмыстық кодексінің 46-бабының 8- тармағында белгіленген ауыр қылмыс және адамның өз өміріне зиян келтіру және жасынан ерте қайтыс болуы туралы түсірілген видеоролик арқылы көрсетілді.

Осыған орай өткізілген іс-шаралар жауынгерлерге дұрыс тәрбие береді деп үміттенеміз.

 

Т. КАСЫМОВ, 78460 әскери бөлімінің майоры

0

СВОДНЫЙ ОРКЕСТР ИГРАЕТ В ПАРКЕ АЛМАТЫ

Алдыңғы ақпарат

СПАСИБО, ТЕБЕ, МОЙ УЧИТЕЛЬ!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *