Рухани жаңғыру

«ДАРА ЖОЛ» ТІЛІМЕН …


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында №14 орта мектепте 2019 жылдың 23 сәуірінде 31 телеарна «Информбюро» жаңалықтар қызметінің тілшісі, шығарушы редакторы болып қызмет атқарған, қазіргі таңда «Жас Алаш» Республикалық газеті сайтының бас редакторы, сонымен қатар, Қазақ радиосының Ә. Байжанбаев атындағы сыйлықтың иегері, «Алтын тобылғы» әдеби байқауының проза номинациясы бойынша арнайы жүлдесінің жеңімпазы, қаламгер, жазушы Қанат Тілеуханмен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты оқушылардың адам өміріндегі Бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығы туралы сонымен қатар, бүгінгі күннің қаламгері «Қараштың әңгімелері» атты повесть пен әңгімелер жинағының авторы Қанат Тілеуханмен танысу, әңгімелері туралы түсініктерін кеңейту болды. Адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани-адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу, жасампаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету, өмірді сұлулық, жақсылық қырынан қабылдай білуге тәрбиелеу мақсатындағы іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.
Кездесу барысында мектеп оқушылары өздеріне қызық болған сұрақтарды қойып, жазушымен шынайы әрі тартымды сұхбат жүргізді.
«…Қанат жаратылысы жөнінен жазушыға тән төзімді. Эпикалық тынысы да сезіледі. Шығармашылық лабораторияны Мұхтар Мағауин сияқты тану арқылы өмірлік мақсатқа пайдалана алса, біраз іс тындыратыны сөзсіз» деп белгілі жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жұмабай Шаштайұлы пікір білдірген жазушы Қанат Тілеухан мектебімізге келгеніне мектеп ұжымы да өз ризашылығын білдірді.
Мектебіміздің шығармашыл, дарынды оқушылары өз өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты. Қанат Тілеуханның шығармашылығына қызығушылық танытқан оқушылар жазушының әңгімелерінен үзіндіні рөлге кіре отырып оқып, образды түрде жеткізе білді. Жас ұрпақ бойына тәрбие сіңіруде тәлімді әңгімесімен бөліскен жазушы, тілші Қанат Тілеухан мырзаға өз тарапымыздан рахметімізді айтамыз.

Н. ТОБАЕВА,
№14 орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

0

СЛУЖБА ПРОБАЦИИ В «ГОД МОЛОДЕЖИ»

Алдыңғы ақпарат

ФУТБОЛ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *