Бес әлеуметтік бастамаӨнеркәсіптік революция 4.0

ДАМУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА МҮМКІНДІК

Елбасымыздың дәстүрлі Жолдауы – Қазақстанды дамытуға арналған қадамның қорғаушы күші. Елбасы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бүгінгі күнгі өте маңызды он саланы санамалап айтып берді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауы Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналады. Ол: «Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы жүзеге асырылуда.

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз Конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды», – деді Президент өз Жолдауында. Одан әрі мемлекет басшысы адамзат баласының жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басқанын және заманауи технологиялардың әлемді өзгертіп жатқанын атап өтті. Жаһандық технологиялық өзгерістерге жаңа сын-қатерлермен қатар өсуге арналған жаңа мүмкіндіктердің бар екендігі баршаға аян.

Жолдауда айтылған бүгінгі қоғамдағы маңызды мәселенің бірі – адами капиталды дамыту. Ол үшін елдің әлеуметтік тұрмысын жақсартуға баса назар аударылып отыр. Дағдарыс жағдайында әлеуметтік салаға баса аудару – өте маңызды шешім. Одан соң, білім беруді жетілдіру, оңтайландырудағы мәселелер шешімі жайлы айтылды.

Халықаралық оқу стандарттарға сай келетін заманауи оқу бағдарламаларын қолданысқа енгізу – білім сапасын жоғарылатады. Мұғалімнің әлеуметтік жағдайының жақсаруы – білікті мамандарды даярлаудың алғышарты. Жолдауда айтылған әрбір бағыттың берері көп. Тек соны тиімді пайдалануға күш салуымыз қажет.

 

Қ. ОРТЫБАЕВ, аудандық дене шынықтыру және

спорт бөлімнің басшысы

0

САРҚАН АУДАНЫНДА «СИВЕРС АЛМАСЫНЫҢ ГҮЛДЕНУІ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Алдыңғы ақпарат

ҰЛТЫМЫЗДЫ ҰЙЫСУЫ –БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *