ЖаңалықтарҚоғамМерекелер

ДҮРКІРЕТІП ТОЙ ЖАСАДЫ

Ақшидің ақ таңымен ілесіп, Наурыз мейрамы күні   ауылдың орталық алаңыда шуақты жүзі күлімдеген халықтың қарасы көбейді. «Мереке құтты болсын! Елімізге құт-береке дарысын!», – деп бір-біріне ақжарма тілектерін арнаған ауыл тұрғындары мен меймандары мәре-сәре болды. Салтанатты шараға округ әкімі Д. Өгізбаев бастаған бір топ ауыл қариялары мен жастары жиналған жұртшылыққа ақ тілегін арнады. Ұлыстың Ұлы Күні ауылдық Мәдениет үйінің алдында өткен мерекелік концертті тамашалап,соңынан алаңға тігілген мекеме,ұжымдардың ақ дастарxанынан наурыз көжеден ауыз тиіп ризашылықтарын білдіріп, баталарын беріп жатты. Елдің бірлігі мен татулығы осы жерде көрініс тауып, болашаққа деген сеніммен келген жұрт бүгінгі ұлық мерекеден руxани азық алып тарасып жатты. Осы тамаша да бейбіт күніміз ұзағынан болсын деп тілейік ағайын.

 

Өз тілшіміз

0

АЗАТТЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ АРЫСТАР

Алдыңғы ақпарат

ЖЕТЫГЕНСКИЙ СЕЛЬСКИЙ ОКРУГ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *