Бас мақалаВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғамМерекелер

ДҮНИЕНІҢ БІР БҰРЫШЫНДА«ҚАЗАҚ» ДЕП ЖАЗЫЛҒАН КҮН

Қымбатты аудан тұрғындары!

Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымыздың ғасырлар бойғы арманы болған тәуелсіздік – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Өйткені бұл күні, азаттықты аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін жариялаған болатын. Кешегі қызыл Кеңестің біржола құлауына түрткі болған желтоқсаншы Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сынды қазақ жастарына мың тағзым. Бұл оқиға күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына тікелей байланысты болды.

Біздің ауданда желтоқсан оқиғасына қатысқан 15 қайраткеріміз тұрады. Сондықтан ол кісілермен бірге атап өтетін тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі саналады. Қазақстанның жаңа дәуірінде қолжеткізген барлық табысының қайнар көзі — тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғанымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында “қазақ“ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді.

Тәуелсіздіктің 28 жылында еліміз әлемдік қауымдастықтың белді мүшелерінің қатарынан табылды. Ауданымызда осы мерекенің қарсаңында аудан тұрғындарына бірнеше әлеуметтік нысандар қолданылуға берілетін болады. Олар Өтеген батыр кентіндегі көп қабатты тұрғынүйдің құрлысы сәтті аяқталып қолданысқа беріледі және М.Түймебаев ауылындағы ауылдық амбулатория, балабақша сынды ел игілігіне аса қажетті нысандар есігін айқара ашатын болады. Алдағы жылда ауданымызда көптеген жақсы жаңалықтар болады. Оның ішінде аббаттандыру мен қатар жаңа әлеуметтік нысандар орта мектеп құрылыстары салынатын болады. Ең бастысы осындай жұмыстарды атқаруға еркіндіктің нәтижесі екенін мақтанышпен айта аламыз.

Құрметті аудан тұрғындары!

Шуағын шашқан шырайлы мереке – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болғай! Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасының амандығын тілеймін.

 

 

Бағдат ҚАРАСАЕВ, аудан әкімі,

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы

АРХИВТІК АНЫҚТАМА

Алдыңғы ақпарат

БАЛА ШАҚТАН — БОЛАШАҚҚА!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *