ЖаңалықтарҚоғам

ЧЕРНОБЫЛЬ ОҚИҒАСЫ ОЙДА ТҰР

Осыдан 32 жыл бұрын, 1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль қаласында атомды энергияны пайдалану тарихында мыңдаған адамның өмірін қиған ең ірі апат орын алды. Өздерін құрбан ете отырып, Чернобыль апатынның зардабын жоюға 800 мың адам, соның ішінде 32 мың қазақстандықтар қатысты.

Жылдан-жылға Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандардың саны азайып келеді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында апатты жоюға қатысқандардың саны 4519 адам. Олардың көбісі емделуі күрделі сәуле ауруларына шалдыққан. Кезінде Чернобыль апатының зардабын жоюға 2 мың ақтөбелік қатысса, олардан қазіргі уақытта тек қана 278 адам бар.

Еліміз олардың ерлігін ешқашан ұмытпайды және оларға қамқорлық көрсетеді. Сәуір айының 5 күні М.Мақатаев атындағы №13 орта мектепте Чернобыль оқиғасына арналған «Ерлікке тағзым» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға қатысушылар арасында Алматы қаласы, Талғар, Кербұлақ, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандарынан да құрметті қонақтар келді. Аудан әкімінің орынбасары Сәтібеков Алмасбек Қожабекұлы алғы сөз айтып, Чернобыль ардагерлерін медальдармен марапаттады.

Алматы облысы бойынша «Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Хұсайын Дәуітұлы Мұстафа сөз сөйлеп, осындай шара ұйым-дастырушыларға алғысын айтты. Содан кейін концерттік бағдарлама басталып, Іле ауданының өнерпаздары ән айтып, би билеп, сахнаны гүлдендірді.

А. НҰРБОЛАТҚЫЗЫ

0

ВСЕ ВОПРОСЫ АКТУАЛЬНЫ И РЕШАЕМЫ

Алдыңғы ақпарат

«БЮДЖЕТНАЯ» ИЛИ «СТРАХОВАЯ» МОДЕЛЬ МЕДИЦИНЫ? ЧТО ВЫБРАТЬ?

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *