ЖаңалықтарЗнай нашихҚоғам

ЧЕМПИОНДАРДЫ ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ, ІЛЕ АУДАНДЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫ МЕДЕУОВ ҚЫДЫРКЕЛДІ ӨМІРЖАНҰЛЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Сағадат батыр» спорт клубы 2015 жылы Іле ауданы, М.Түймебаев ауылында құрылған. Қазіргі таңда клубта 120-ға жуық бала спортпен шұғылданады. Клубта жаттығатын шәкірттер 2018 жылы 20-22 сәуір күні Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында Джиу-джитсудан өткен Әлем чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанды :
1.Құлымбетова Жібек Әлімханқызы, Түймебаев ауылы, №20 ОМ 5«а»сыныбы оқушысы — Әлем біріншілігінің чемпионы;
2.Махамбет Алина Омарбекқызы, Түймебаев ауылы, №20 ОМ 6 «а» сыныбы оқушысы — Әлем біріншілігінің қола жүлдегері;
3. Жаманбай Бекзат Еркінұлы, Жапек батыр ауылы, №19 ОМ 7 «а» сыныбы оқушысы — Әлем біріншілігінің қола жүлдегері.
Клуб жетекшісі Орынбасаров Нұрсұлтан Жұмабайұлы – Ережесіз жекпе-жек бойынша «Alash pride» халықаралық турнирінің кәсіпқойлар арасында 4 дүркін жеңімпазы, Грепплинг күресі бойынша Азия чемпионы, джиу-джитсу, грепплинг, ұлттық жекпе-жек бойынша халықаралық, республикалық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы.

0

БОРАЛДАЙ ЖАСТАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

Алдыңғы ақпарат

ЕЛІМІЗДІҢ  ОРТАҚ ҚАЗЫНАСЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *