Астана 20-жылЖаңалықтарҚоғам

БОРАЛДАЙ ЖАСТАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойына орай бүгін №40 орта мектептің акт залында «Боралдай жастарының форумы» өтті. Форумда әр салада қызмет істейтін жас мамандар сөз сөйлеп, еңбек жолдары туралы видео-ролик көрсетіп, өз қызметтерінің қызықты да қиын тұстарымен бөлісіп, кенттің дамуына қосып жатқан өз үлестері туралы айтты.
Форумға қатысқан жалынды жас мамандарға кент әкімі М.Салимбаев ақ тілегін айтып, алғыс хаттарын табыс етті.


Боралдай кентінің дамуына өз үлесімізді қосамыз деп ұрандатқан Боралдай жастарының форумы әр көрерменге рух беріп, ақсақалдар ақ батасын жаудырған, жасөспірімдерді қиялға жетелеген әсерлі жиын болды.
Жастар – ел болашағы. Білімді де білікті жастар көп болса ел болашағының да жарқын болары хақ. Бүгінгі жастар форумын өткізудегі басты мақсатымыз да – Боралдай жастарының елдің дамуына қосып жатқан үлесі мен еңбектеріне куә болу еді.
Елорамыз Астананың 20 жылдық мерей тойы құтты болсын!
Астана гүлдей жайнап, көркейе берсін!
Қазақ елі мәңгілік ел болсын!
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күштi қанатты,
Боралдай жастары жасасын!!!

0

КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ НҰРЖАН ӘЛТАЕВ 9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ МЕН ТҮЛЕКТЕРІНЕ ЕЛІМІЗДЕ ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚТАРҒА СҰРАНЫС БАРЫН КЕҢІРЕК ТҮСІНДІРДІ

Алдыңғы ақпарат

ЧЕМПИОНДАРДЫ ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ, ІЛЕ АУДАНДЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫ МЕДЕУОВ ҚЫДЫРКЕЛДІ ӨМІРЖАНҰЛЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *