Рухани жаңғыру

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ


Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. Көреген көшбасшы Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігін беріп отыр. Тұңғыш Президент өз сөзінде: «Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады. Ендеше, сенімнен шығып, бағдарламалық мақалада көрсетілген ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын барша қазақстандықтар келелі ойға салып, салиқалы пікір мен батыл шешімдерге ұмтылғаны абзал дер едім. Себебі, онда Елбасы Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Бұл әрине бүгінгі жаһандану кезеңінде Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңа мақаласын оқып, болашаққа бағдарланған соны өзгерістермен таныстым. Мақалада баяндалған біраз жайттар «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында көрсетілген болатын. Оның ішінде халықтың өзінің ұлттық сана-сезімі мен қалыптасқан кодын сақтай отырып, жаңғыруы бүгінгі заман талабы. Жаһандану үрдістері, өркениеттер тайталасы шарықтаған заманда халықтың халық болып қалуы, мемлекет іргесінің беріктігі осындай кешенді қадамға байланысты болмақ. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырған мақалада көтерілген латын әліпбиі туралы кесек ой да елді жаңа өзгерістер белесіне бастары анық. Дүйім жұрт жаңа әліпби арқылы әлемдік өзгерістер көшіне еркін араласа алады. Бұл бағытта арнайы бағдарлама, әдістеме, әліпбидің өзіндік стандарты әзірленетін болады. Қазақстанды өркениет көшінің алдына бастайтын жаңа бастамалар қашанда көпшіліктің қолдауына ие.Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды идеалогияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айтты, сонда ғана алға басулар болатының ескертті. Білімнің салтанат құруы. Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды.
Елбасымыздың жаңғыруы өскелең ұрпақтың болашақта дамуына аса зор мүмкіндік береді. Сондықтан заман талаптарына сай өмір сүріп жүрген жастардың түйсігіне сіңдіру мақсатында Елбасының аталған мақаласының іс жүзінде жүзеге асырылуына қолдау көрсетіп, күш-жігер салуға ықпал ету үшін насихаттау міндетті. Жаңғырудың маңыздылығы мемлекет пен ұлттың саналы түрде жаһандық үрдістерге бейімделуіне септігін тигізетіндігіне сенім білдіреміз. Елбасымыздың рухани жаңғыруының әрбір тармақтарының өзектілігіне мән бере отырып, алға басатын қадамымызды үш ойлап, бір басуымызды ұмытпайық.
Қорыта айтқанда, бұл елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген үндеу өсиеті деп білемін. Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз болашақ мына бізге дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт бағдар берді. Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.

А.БАҚАСОВ

0

ЖАЛЫНДАЙТЫН КЕЗ КЕЛДІ

Алдыңғы ақпарат

Всемирный день донора

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *