ЖаңалықтарҚоғам

«БІЗДІҢ МІНДЕТ – ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ!»

Ауданда мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердегі тұтынушыға жасалған жағдайды бақылау мақсатында зеределеу жұмыстары жүргізеледі

 

Аудан әкімдігі жанынан құрылған талдау тобының жұмыс жоспарына сәйкес ауданда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, қызметтерді оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау мақсатында Іле ауданы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуші аудандық жер, білім, сәулет және қалақұрылысы, ауылшаруашылығы, вереринария, АХАТ бөлімдері мен Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Іле аудандық бөлімдерін аралап зталдау жұмыстарын жүргізді.

Талдау барасында біршама кемшіліктер айқындалды, олардың ішінде: мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттың толық еместігі, қызмет алушыларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуға қолайлы жағдайлар жасалынбағандығы (пандустардың, қоңырау түймелерінің, көрсетілетін қызмет туралы ақпараттандырылған тақталардың, қызмет алушыларға арналған күту орындарының болмауы, қызмет берушімен алушының арасында терезенің, болуы), т.б. кемшіліктер.

Анықталған кемшіліктер бойынша талдау парақшалары толтырылып, мекеменің өкілдеріне тапсырылатын болады.

РS: Естеріңізге сала кетсек мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру мәселелерін бақылау мақсатында Іле ауданы әкімінің 27 ақпан 2018 жылғы №24ө н/қ өкімімен талдау тобы құрылған. Талдау тобы аппарат қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, депутаттар, БАҚ өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері және үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерінен тұрады.

Аталған топ алдағы уақытта барлық мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердегі тұтынушыға жасалған жағдайды бақылау мақсатында тұрақты түрде зеределеу жұмыстарын жүргізетін болады.

0

ЖЕТІСУЛЫҚТАР МҰҚАЛИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНА АТТАНДЫ

Алдыңғы ақпарат

О РАВНЫХ ВОЗМОЖНОСТЯХ ПРОДВИЖЕНИЯ ЖЕНЩИН НА ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЕ КАЗАХСТАНА

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *