Мерекелер

БІРЛІГІМІЗ ЖАРАССА, АЛАР АСУЫМЫЗ АЛАСА


1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні ауданымызда Боралдай кентіндегі Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы ардагерлеріне арналған «Қара қызғалдақ» саябағындағы сахнада мерекелік концерт қойылып, мекеме қызметкерлері мен мектеп оқушылары әр түрлі ұлттың дәстүрін сипаттап, ән айтып, биін биледі. Күннің көзі де осы күні күлімдеп шығып, елдің көңілін серпілтті.
Жазғы сахна көрермен алаңына Боралдай кентінің еңкейген кәрісінен, еңбектеген баласына дейін жиналды. Саябақ алаңына сап түзеп, түрлі ұлттық киім киген қызылды-жасылды топ қолдарына жалауша мен шарларын ұстап, шерулетіп келді.
Ауданымыздағы мектеп ұжымдары белгілі бір ұлттың образын сомдап сахнада ән мен биден сайысты. Оған аудан әкімі Б. Қарасаевтың өзі аралап, киім үлгісіне де жіті қарап, баға берді. Ал, мерекеге жиналған халық олардың өнерін тамашалап, әр ұлттың дәстүрін көзбен көріп, әнін естіп, биін тамашалап мәз-майрам болды.
Мерекелік шеруден кейін аудан әкімі Б. Қарасаев халыққа құттықтау сөзін арнады.
– Ел тәуелсіздігімен бірге бұл күн ұлттық өзгешеліктеріне қарамастан, қазақстандықтардың достығы мен топтасқандығын бейнелейтін шын мәніндегі жалпыхалықтық мерекеге айнала отырып, ерекше мағына мен терең мазмұнға ие болды. Біздің ауданымызда бірлік пен бауырластық ахуалында 28-ден астам ұлттардың өкілдері мекендеп, жұмыс істеуде, олар өздерінің адал еңбектерімен біздің аймақтың экономикалық қуатын молайтуда. Бұл күннің біздің әрқайсымыз үшін бірігу, жаңару, өзара түсіністік пен жасампаз еңбекке айрықша құрмет символы ретінде сақталып қала беретіндігіне мен күмәнсіз сенімдімін. Осы тамаша күні мен сіздерге жақсы денсаулық, бақыт, көктемгі көңіл күй, еліміздің игілігі үшін жаңа еңбек және өркенді ілгерілеулер тілеймін! – деген аудан әкімі өңірімізде халықтар арасындағы түсіністік пен достық баянды бола берсін деген тілегін жеткізді.
Түрлі халықтың өнерін көрсеткен ауданымыздың орта мектептері өздері тіккен шатырлардың алдында әр ұлттың биін билеп, дәстүрлерін көрсетіп достықтың нағыз күш екенін сипаттап берді.
Саябақтың жанында мерекеге орай аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімі, аудандық жер қатынастары бөлімі, КазЦИК ауылдық округі әкімі аппараты, аудандық тұрғын-үй құрылыс бөлімінің, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ауылшаруашылығы өнімдері сөреге қойылған жәрмеңкеде тілек білдіргендер өз қалауларынша көкейлеріндегі сауалдарын қойып, қанағаттанарлық жауап алып жатты.

Б. ЧОЙБАСОВ

0

ЖЕҢІМПАЗ ҚАҺАРМАНДАРҒА МЫҢ ТАҒЗЫМ!

Алдыңғы ақпарат

7 ЛЕТ ОТДАННЫЕ ГРАНИЦЕ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *