Бес әлеуметтік бастамаЖаңалықтарҚоғам

БІР ПАЙЫЗ ТӨЛЕ ДЕ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР АТАН

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес, «Ащыбұлақ» бастауыш партиясы ұйымының ұйымдастыруымен Елбасының «Бес әлеуметтік бастама» атты Үндеуі мен Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша мәслихат депутаттары, фракция мүшелерінің, аумақтық спикерлер өкілдері және партия мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Жиынды аудандық «Нұр Отан» партиясы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ә. Исаев жүргізіп, «Ащыбұлақ» БПҰ төрағасы С. Күзембаев, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлерді әкімшелендіру бөлім басшысы Р. Орынбетов бастаған аудандық спикерлер, депутаттар Елбасы Үндеуінің 5 бағытына жеке-жеке тоқталып, халыққа насихаттау жұмыстарын жүргізді.

– Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау арқылы халықтың әл-ауқатын жан-жақты жақсартуға және жалпы мемлекеттің белсенді дамуына мүмкіндік жасаймыз. Елбасы Н. Назарбаев атап өткендей: «Біздің мақсатымыз – біздің Отанымызды бақытты және өркендеп келе жатқан халқы бар мәңгілік елге айналдыру». Сол себепті «Облыстың барлық атқарушы органдары үнемі жемісі әрі жауапты еңбек етулері тиіс», – деп ойын партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әмзе Әлдибекұлы қорытты.

Жиында мемелекеттік кірістер туралы және жаңа салық кодексінің жаңаруына байланысты сұрақтар қойылды. Оған аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлерді әкімшелендіру бөлім басшысы Р. Орынбетов жауап берді. Енді тұрғындар уақытша пәтер жалдауға үйлерін беретін болса немесе жеке меншік көлігімен такси жүргізуші болып жұмыс жасайтын болса, 1 пайыз үкіметке салық төлейтін болады. Ал заңдастыру жолдары өте оңай ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлерді әкімшелендіру бөліміне өтініш білдірсе болғаны. Жеке кәсіпкер болып шыға келеді. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлікті, яғни «ИП-ны» жабу да оңай болды. Бар болғаны, арызыңызды жазып, кірістер басқармасына өткізе саласыз.

Сонымен қатар Елбасының «Бес әлеуметтік бастама» атты Үндеуі де жеке тұрғын үй салу, ипотека алу, жалға берілетін үй, жер учаскелері және тағы басқа көптеген мәселелер осы бағдарлама аясында оң шешімі табылатыны жайында да сөз қозғалды. Тұрғындар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға спикерлер тарапынан тұщымды жауаптармен қанағаттандырылды.

Өз тілшіміз

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Алдыңғы ақпарат

ОКРУГТЕРДЕН ХАБАР

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *