ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВ

БІЛЕККЕ ЕМЕС, БІЛІМГЕ СЕНЕТІН ЗАМАН

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялап, еліміздегі жастар мәселесін қамтуы көңілімізден шығып отыр. Биыл жастардың әлеуметтік ахуалын жақсартуға бағытталған ауқымды шараларды нысанаға алуы бекер емес. «Жастар жылының» ашылу салтанатында Президентіміз: «Біз бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізіп, Ұлы дала төсінде әлем мойындаған мемлекет құрдық. Есілдің жағасында еңселі елордамыз – Астананы тұрғызып, тарихта бұрын-соңды болмаған зор жетістікке қол жеткіздік. Жүзеге асырылып жатқан шаралардың бәрі егемен еліміздің болашағы – сіздер үшін жасалып отыр» – деген-ді.Бұл Елбасымыздың жастарға деген қамқорлығының айқын көрінісі екені анық. Қазіргі жастарға артылар жауапкершілік үлкен. Болашақ – біздікі, елдің ертеңі – біз. Сондықтан, Елбасының сөзін негізге алып біз, жастар, елімізде жүзеге асырылып жатқан барлық үдерістерге атсалысуымыз қажет. Президентіміздің жастарға артқан сенімі мен жауапкершілігінің негізінде мемлекетімізді дамытуға бағытталған жұмыстарды тиянақты орындау біздің, қазіргі жастардың басты парызы. Ұлттың бүгіні мен келешегі – белсенді жастардың қолында дейтін болсақ, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Жастар салауатты өмір салтын ұстанып, мемлекеттің дамуына өз үлесін қосса, қоғамға пайдасын тигізіп, сапалы білім алуды басты міндетіне айналдырса, онда келешегіміз кемел болары сөзсіз. Өз күш-жігерлері мен алған білімдерін еліміздің өркендеуіне жұмсайтын жастары бар зайырлы қоғам өз мақсатына жетері анық.

А. ЖҰМАМҰРАТОВА,
КазЦИК ауылдық округінің әкімі аппараты ММ-нің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы

0

ТӘН МЕН ЖАН ТАЗАЛЫҒЫ – НАМАЗ

Алдыңғы ақпарат

ОПМ «ПРАВОПОРЯДОК» ИЛИЙСКОГО РАЙОНА

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *