ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВДенсаулықЖаңалықтарЗаң және бізҚоғамРухани жаңғыру

БИІК МАҚСАТТАРҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ


Қызу қолдаймыз

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бірлесе білген ел жеңеді» атты мақаласын үлкен ықыласпен ден қоя оқып шықтым. Оқып шығумен қатар өзім басқаратын кәсіпорын жұмысшыларымен қызу талқыладық. Елбасының Үндеуі бізге серпіліс беріп, жанымызды жадыратты. Өйткені, Елбасымыз мақала арқылы қатерлі індетке байланысты алаңдап отырған Қазақстан халқының бүгіні мен болашағын терең ойлап,өзінің кемелдігін, даналығын көрсетті.Бүгінгідей алаң-елең уақытта қалың жұртты сабырға шақырып,өзінің тілегін жеткізіп,елімізді биік белестерге жетелейтін мақсаттарды айқын көрсетіп берді.Әрбір азаматтың бойына қатерлі індетті жеңіп, өз мақсатына қол жеткізетіндігіне үлкен сенім ұялатты.
Ұлт көшбасшысының айтуынша егемендік алғалы бері Қазақстан экономиканы көтеру, әлеуетті жақсарту жолында бірқыдыру тың істерді жүзеге асырды.Оның сындарлы саясатының арқасында елімізде осы жылдары көптеген үлкен кәсіпорындар ашылып, шағын және орта кәсіпкерліктің жұмысы жақсы жолға қойылды. Үкіметтің қолдауы мен нақты көмегінің арқасында қаншама адамдар өз кәсібін ашып, үлкен табысқа жетті. Соның қатарында мен де бармын.Тәуелсіздік алған алғашқы он жылдықта шағын кәсіп ашып, Елбасының нақты қолдауымен оны үлкен бір кәсіпорынға айналдыра білдім. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының аяғында Іле ауданы, Ащыбұлақ округіне қарасты Төле би ауылының жанындағы «Южный СМУ» деп аталатын мекемені жер учаскесімен сатып алып, жол жерден кірпіш өндіре бастадым. Бастапқыда шағын ғана цех жұмыс істеген еді, күні-түні ізденудің, қажырлы еңбектің арқасында құрылыс жабдықтарын шығаратын «Алматы үй құрылысы» зауытын аштым. Кейін келе заман талабына, халықтың сұранысының өзгеруіне байланысты «Даму» қоры арқылы несие алып, зауытты газды блоктарын шығаратын үлен бір компанияға айналдырдым. Бүгінде Қазақстан халқын аса сапалы әрі жеңіл, экологиялық таза автоклавты газ болктарымен қамтамасыз ететін «BTK Groop» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жетпістен аса адам жұмыс істейді. Алматы қаласы мен Іле ауданы карантинге жабылса да біз шамамыз келгенше жұмыс орнын сақтап, тиісті өнімді өндірудеміз. Мен сияқты ұжымым да алдағы күндері жақсылықтың болатындығына нық сенеді.
Сонымен бірге Елбасымыз Қазақстанның Президенті бастаған үкіметтің барлық қатаң шараларды қабылдап, тұрмысы төмен отбасыларына, мүгедектер мен ардагерлерге, зейнеткерлерге көмектесіп жатқандығын және бұл істен кәсіпкерлердің де шет қалм ағандығын атап өтті.Осыған орай айтарым мен де кәсіпкер ретінде тұрмысы төмен отбасылар мен мұқтаж жандарға көмек беру мақсатында ауданда құрылған «Жәрдем» қорына 1 миллион теңге қаржы аудардым.Үлкен бір ауқымды шараға тамшыдай болса да үлес қосқаныма өз басым қуаныштымын.
Елбасымыздың шынайы деректік негізде жүрегінен шыққан осы мақаласы халқымыздың рухын тағы да бір рет көтеріп тастады.Ел-жұртын бірлікке, ынтымаққа, сыйластық пен сабырға шақыратын осы маңызды Үндеу біздің ертеңгі күнімізге деген сенімімізді нықтап, баршамызды тек алға, жақсылықтар мен қуаныштарға жетелейді.Мен өзім оған толық сенемін.

ТОҚАН БОТАБЕКОВ,
«BTK GROOP» ЖШС директоры,
Алматы облыстық Мәслихатының депутаты, «Құрмет « орденінің иегері

КӨҢІЛІМІЗГЕ СЕНІМ ҰЯЛАТТЫ

Алдыңғы ақпарат

ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ ЕРЛІК ІС

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *