Қоғам

БЕРЕКЕНІ КӨКТЕН ТІЛЕМЕ…

Әрбір өркениеттің, діннің және халықтардың жер бетінде өзіндік орындайтын міндеттері бар. Елбасы Н.Назарбаев еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарынан бастап, этносаралық татулық пен келісімді сақтауға, дамытуға, олардың қауіпсіздігі мен бейбіт тұрмысын қорғауға бар күш-жігерін салды. Этнос аралық және конфессия аралық ынтымақтастық, келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау ісіне жіті көңіл бөлініп келеді.
Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарына баса мән береді. Қазақ халқы қай заманда да елдікке, соның ішінде ел берекесінің тұрақты болуына үлкен назар аударған. Сондықтан да болар, ел аузында: «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» деген нақыл сөздер қалды. Бұл – бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның басты қағидасына айналды және тәуелсіздіктің негізі. Қазақстан – ядролы ққару-жарақтан ерікті түрде бас тартқан, әлемдегі бірегей мемлекет. Қазір техника мен технологияның дамыған заманы. Бірақ, осы күшті кейбір мемлекеттердің адамзатты қырып-жоятын қарулар жасауға жұмсауы алаңдатады. Айналада сананы жаулаған діни экстремизм, терроризмнің насихатталуы, ішінара оның енуі – басты қауіптердің бірі. Ендеше, ел шаңырағын шайқалтуға бағытталған осындай келеңсіздіктер тамырының терең жайылмауы – ертеңге деген сенімділікте. Сын-қатерлерге төтеп берудің негізі ортақ жауапкершілікте жатыр. Ең қуатты 30 елмен иық тірестіру мақсаты қойылды. Мұның нәтижелі болуы, әрине, халықтың бірлігіне байланысты. Бүгінде Қазақстан 130-дан астам этнос өкілінен тұратын 17 миллионнан аса халқы бар беделді мемлекетке айналды. Қазақ халқымен тарихи сын сағаттарда этностар өзара ымыраға келіп, тіпті өзара келісім орната білді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қалыптастыруда елдіңі шкі саясатының басты ұстанымы болды, ол — бірлік пен келісім құндылықтары.Әсіресе, Қазақстанның ұлттық саясатын жүзеге асыру бірнеше кезеңді қамтиды. Алғашқы кезеңде еліміздегі тіл саясатына қатысты мәселелер қарастырылды. Одан кейін ұлттық-мәдени бірлестіктер құрыла бастады. Нәтижесінде, 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық мәртебесінің артуына Елбасының қосқан үлесі зор. Мәселен, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген түзетулер бойынша Парламент Мәжілісіне Ассамблеядан 9 депутат сайланды. Ал 2008 жылы 20 қазанда Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңға қол қойғаны мәлім. Мемлекет басшысының басты ұстанымы – этносаралық ынтымақтастық пен келісім ішіндегі татулық пен бірлікті нығайту мақсатында түрлі отандық және халықаралық шаралар мен ғылыми экспедициялар, ғылыми сараптама жұмыстарына қатысып, белсенділік танытуда.

Сахид ЧАТУЕВ,
Күрд этно-мәдени орталығының жетекшісі

0

Конкурс проектов «StartupBolashak» стартовал в Алматинской области

Алдыңғы ақпарат

БАҚУАТТЫ ҚОҒАМДА – БЕЛСЕНДІ БОЛА БІЛЕЙІК!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *