ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВМерекелер

БЕРЕКЕНІҢ БЕСІГІН ТЕРБЕТКЕН БАЙСЕРКЕ

Жылдың басы әз-Наурыз мерекесін аудан жұртшылығын аузына қаратқан Байсерке ауылдық округі ерекше көңіл-күймен, өзіндік сән-салтанатпен қарсы алды. «Наурыз мерекесі» атты іс-шара округтегі 28-ші мектеп гимназиясының алаңында өткізілді. Алаңға қаз-қатар ақшаңқан үйлер тігіліп, қазан көтерілді. Қыстан қысылмай шыққан шаруа мен халыққа қызмет ететін салалардың өкілдері бір-бірімен төс қағыстырып, құшақ айқастыра көрісіп, ақ тілектерін білдірді. Қызылды-жасылды ұлттық киімдер киген жастар мерекенің көрігін қыздырып, шырайын кіргізді.
Мерекенің ашылуында аудан әкімі А. Қарасаев сөз сөйлеп, барша ауыл тұрғындарын құттықтады. Мерекеге округ әкімі Т. Отыншиева, облыстық маслиxатының депутаты Т. Ботабеков, аудандық маслиxатының депутататтары, ауыл ақсақалдары, қоғамдастық, әйелдер кеңесі, ауыл тұрғындары, мекеме басшылары мен қызметкерлері, кәсіпкерлер қатысты. Мереке барысында аудан әкімі және Жас Отан жастар қанатының мүшелері мен шырша ағашы отырғызылды. 600-ге тарта әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына палау, бауырсақ, көже берілді.
Екі көпбалалы ананы аудан әкімі Б. Қарасаевтың, округ әкімі Т. Копбаеваның қатысуымен аналарымызды құттықтады. Спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып қазақтың салт дәстүрі, тұсау кесер рәсімін өткізді. 28-ші мектеп гимназиясы ұжымының ұйымдастыруымен концерттік бағдарламалар өткізілді.
Әр мекеме жеке-жеке киіз үй тігіп, наурыз көже таратылып, қазақтың кеңпейілді, қонақжайлылығын паш етті. Концерттік бағдарламаны жандырып қызықты өтуіне үлкен үлес қосқан, 28-ші гимназиясының оқушыларынан құрылған Республикалық байқаулардың бас жүлдегері «Сармат» би тобына (жетекшісі А. Жамансариев) алғысайтамыз.
Мектеп оқушылары ән айтып, күй шертті. Мектеп ұжымында ұлттық киімдерді киіп көрініс көрсетіп,мерекеміздің жақсы өтуіне атсалысты.
«Ақ түйенің қарны жарылған күн» деп қазақ батырлары мен жанына ертіп алған ақтүйесімен келген Кыдыр атамыз өзінің батасын беріп, елімізге тыныштық пен молшылық тіледі.
Мерекеге жиналған ауыл тұрғындары мәз болып, бірін-бірі, жаңа жылдарымен құттықтап, керемет көңіл күймен тарқасты. Осы мерекелік іс-шараны ұйымдастырушыларға көп-көп раxмет айтамыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы xалқым тоқ болсын! Қуаныштары көп болсын!

0

В Талдыкоргане появится Центр психологической разгрузки для мужчин- агрессоров

Алдыңғы ақпарат

НАУРЫЗ – ЭТО ЯРКОЕ СОЛНЦЕ, тепло, веселье и… конечно, коже с баурсаками

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *