Без рубрики

БАСТЫ БАЙЛЫҚ –ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  үстіміздегі жылдың 27 сәуірінде жасаған Мәлімдемесін медицина қызметкері ретінде толық қолдаймын. Мемлекет басшысы пандемияға байланысты елімізде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланғалы бері індеттің кеңінен таралмауы үшін барлық жағдайды жасап, зор мүмкіндіктер туғызып отыр.  Білім мекемелері, басқа да көптеген сала қызметкерлері  қашықтықтан оқу жүйесіне көшіріліп, табысынан айырылған адамдарға 42500 теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды. «Біз біргеміз» қоры арқылы  тұрмысы төмен отбасыларына, ардагерлер мен мүгедектерге азық-түлікпен қомақты көмек көрсетілуде. Індетпен күрес жолында бастарын қатерге тігіп еңбек етіп жүрген адамдарға, оның ішінде  медицина қызметкерлеріне үстемақы беру жөнінде шешім шығарды. Бұл індетпен арпалысып жүрген жандарға материалдық әрі рухани демеу. Тіптен медицина қызметкерлеріне жасалынған мемлекеттің қамқорлығы десек те қателеспейміз.. Осы орайда  Іле аудандық орталық ауруханасының біраз қызметкерінің  үстемақыны алғанын  қуана айтқым келеді.
   Ел Президенті өзінің Мәлімдемесінде халықтың денсаулығына ерекше мән берген. «Басты міндет-азаматтарымыздың денсаулығын сақтап, өмірін қорғап қалу»,-деп айтқан ол  медицинаны  барынша дамытудың маңыздылығына назар аударған.. Алдағы уақытта  денсаулық сақтау  жүйесі туралы жаңа кодекс жобасына медицинаны барынша жетілдіретін нақты ұсыныстардың енгізілдетіндігін атап өтті. Бұл біз үшін өте үлкен қуаныш. Ал, өз кезегінде  ауданның жалпы медицина қызметкерлері  мамандықтарына  адалдық танытып, жұмыстарын барынша жауапты атқаратындығына кепілдік бере аламын.  
 
 
 
АЙДЫН ЕЛІКБАЕВ,
Медицина ғылымының магистрі,                                                                    жоғары санатты дәрігер-хирург
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі

Алдыңғы ақпарат

Жұмыс қарқыны артып келеді

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *