ЖаңалықтарЗаң және бізҚоғам

БАСШЫЛАР ҚАШАН ОТСТАВКАҒА КЕТУІ КЕРЕК?

Көкшетау қаласының «Antikor ortalyǵy» сервистік ғимаратының алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаментінің басшысы Берген Беспалинов Instagram әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир арқылы онлайн-брифинг өткізді.
Спикерлер Мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген түзетулері туралы айтты, оларға сәйкес мемлекеттік саяси қызметшілер тікелей бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда отставкаға түсуге міндетті.
Заңның жаңа редакциясына сәйкес, бірінші басшы оның тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндет.Басшылардың жауапкершілігін қарау кезінде көрсетілген шарттардан басқа, қол астындағыларға жасалған сыбайлас жемқорлық қылмысы мен басшының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауындағы кінәсі арасында байланыстың болуы да маңызды.
Айта кету керек, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшіні осы лауазымға тағайындаған лауазымды тұлғаға орнынан кету туралы өтініш жіберіледі. Отставканы қабылдау немесе қабылдамау – бұл саяси қызметкерді қызметке тағайындаған адамның құзыреті.
Егер саяси емес, бірақ А және Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері болып табылатын барлық басқа басшыларына тікелей бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда алдыңғыларға тәртіптік жауапкершілік қарастырылған.
«Сонымен қатар, ҚР Конституциясының 77- бабынажәне ҚР Қылмыстық кодексінің 6-бабына сәйкес енгізілген нормалар 2019 жылдың 10 желтоқсанынан бастап жасалған құқық бұзушылықтарға таралады. Яғни, отставкаға жіберу туралы талап жоғарыда көрсетілген кезеңнен кейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған бағынышты қызметкерлері үшін саяси қызметшілерге және басшылардың өзге де санаттарынақолданылады», — деп атап өтті облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Мұрат Төлеубаев өз сөзінде.
Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Берген Беспалинов атап өткендей, бүгінде бірқатар түзетулер басшылықтың ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өз міндеттерін жүйелі түрде елемегені үшін жауапкершілігін қарастырады. Басшылар өз мінез-құлқымен әділеттілік, риясыз үлгі болуға, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық пен жеке адалдық белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге тиіс. Этика нормаларын сақтау ықтимал теріс пайдалану жолында елеулі кедергі ретінде әрекет ететін және сыбайлас жемқорлықтың туындауына кедергі келтіретін маңызды шарт болып табылады.

0

БАСШЫЛАР ҚАШАН ОТСТАВКАҒА КЕТУІ КЕРЕК?

Алдыңғы ақпарат

О МЕРАХ ПРОТИВОДЕЙСТВИЯ КОРРУПЦИИ В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *