ЖаңалықтарҚоғамРухани жаңғыру

БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Іле ауданының өткен жылғы жұмыс қорытындысы және келешекке қойған жоспарлары» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтті.
Іле ауданында Елбасының халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы аясында 2018 жылға міндеттер қойылып, анықталынды.
БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу. Аудан кәсіпорындары үнемі жаңа технологияларды табуға және енгізуге, өндірісті жаңғырту жұмыстарын жасап келеді. Бұл өз алдына өндіріс көлемін ұлғайтуға және еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді.
Ауданда «Қазақстанда жасалынған» әлемдік бренді бар 3 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс атқарады. Олар: «Данон Беркут», «Джей Ти Ай Казахстан» және «Филип Моррис Казахстан». Аталған өнеркәсіптердің өнімдері ең жоғарғы сапасымен жоғары технологиялық және жоғары білікті мамандарымен ерекшеленеді.
ЕКІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту бойынша ауданда жергілікті қаржы есебінен Алматы облыстық ТБО басқармасының бекітілген концепциясына сәйкес, Қараой ауылдық округінің аумағынан қалдықтарды қайта өңдеу кешенін салу жоспарлануда.
ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі. Аудандық агроөнеркәсіптік өндірушілері өсімдік өнімділігін арттыру үшін жаңа озық технологияларды пайдалануда. ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру бойынша 2017 жылы басталған 22 км құрайтын автокөлік жолдарының жөндеу жұмыстарын, ауданның 3 елді-мекеніндегі орта жол жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі. Балаларды ерте дамыту, әлеуметтік дағдыларды дамыту бойынша бірыңғай стандартты бағдарламаларды енгізу туралы.
​​Соңғы білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша бастауыш сыныптың 422 мұғалімі қайта даярлау курсынан өтті. СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару. Жергілікті өзін-өзі басқарудың төртінші деңгейлі бюджетін және муниципалды меншіктерін тәуелсіз енгізу туралы.

ТЕМІРЖОЛДА САҚ БОЛ!

Алдыңғы ақпарат

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *