Қоғам

Баламалы энергия-заман талабы


Жетісу өңірінің шалғай ауылдары күннен қуат алатын электр станциялармен толық қамтылуы тиіс. Бұл әсіресе шаруа қожалықпен айналысатын тұрғындар үшін тиімді. Себебі, таулы аймақтарға арнайы жарық жүйесі жүргізілмеген. Сол себепті шағын күн электр станциясын орнатылуы керек.

Бұл жөнінде «Азия жүрегі» мәдениет және экологияны қолдау қорының президенті Вадим Ханифович журналистер үйінде өткен жиында айтты. Басқосуда «Көмірсутекті электр энергия генераторларын пайдаланудан бас тарту және жаңартылатын энергия көздеріне көшу бағдарламасын» түсіндірді. Бұл — біріншіден энергия үнемдеуге, екіншіден экологияның ластануын алдын алады, — дейді мұндағылар. Осы орайда сарапшылар, шаруа қожалық қызметкерлері мен кәсіпкерлерге күн электр станциясын арнайы Ғаламдық экологиялық қордың қаржылық қолдауымен ала алатынын айтты.

«Қазіргі таңда жасыл экономиканы қалыптастырып, энергия көздерінің баламалы түрлерін қарастыру, жұмсалатын энергияны үнемдеу мәселесі алдыңғы шепте. Бүгінгі басқосу осы мақсатқа арналып отыр. Бүгінгі жиында еліміздегі энергия көздерін көп қолданатын алпауыт кәсіпорындарда шетелдік мамандардың озық тәжірибелерін қолдану мәселесі сөз болды»,-дейді облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Талғат Алыбаев.

0

ШЫНДЫҚ – СӨЗДІҢ, АР-ҰЯТТЫҢ АНАСЫ

Алдыңғы ақпарат

Экстремалды спорт қарқынды дамуда

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *