ЖаңалықтарҚоғам

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ ТАРАТЫЛДЫ

Байсерке ауылдық округі әкімдігі мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында, әкім аппаратының ішкі саясат қызметкерлерінің ұйымдастаруымен «1 маусым балаларды қорғау» күніне орай, мерекелік іс-шара атап өтілді. Мәдени шараға Байсерке ауылдық округі бойынша, балалар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары және көпбалалы отбасының балалары қатысты.

Мерекеде бірінші болып сөз алған Байсерке аулыдық округінің әкімінің орынбасары А. Қажиев жиналған балаларды мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, аудандык депутат С.Дөненбаев, «Ерназ  қамқор» қорының басшысы – Гүлназ Зейнелқабденқызы балаларға өз тілектерін білдірді.

Мерекені Байсерке округінде орналасқан балабақшалар жүргізді. Бір топ бүлдіршіндер ән-билерімен қызықты өтуіне өз үлестерін қосты. Мереке балалардың көңілді әуендер тыңдауымен жалғасын тауып жатты. Арнайы киім киген мультфильм кейіпкерлері балалармен бірге әртүрлі ойындар ойнап, көңілдерін көтерді. Мерекеге жиналған бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады.

Жалпы, округ бойынша 190 балаға сыйлық, тәттілер, сусындар таратылды. Анығырық айтсақ, 535 балаға сусындар, балмұздақтар таратылды. Байсерке базары тарапынан, 20 баланың отбасына азық-түлік пакеті таратылды. «Ерназ қамқор» қоры 30 мүмкіндігі шектеулі балаларға жұмсақ ойыншықтармен бірге тәттілер және үйде жатқан 10 балаға азық-түлік пакеті үйлеріне жеткізілді.

Мерекені ұйымдастырушыларға, Байсерке ауылдық округі әкімдігі аппаратына, «Ерназ қорына», «Данон», «Шин лайн», «Галант Ботлерс» жанашыр мекемелердің басшыларына, ата-аналар және әлеуметтік қызметкерлер тарапынан ризашылығымызды білдіреміз.

 

Г. АЛИМЖАНОВА, Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік жұмыскері

0

ИНТЕНСИВНЫЕ САДЫ И ТЕПЛИЦЫ

Алдыңғы ақпарат

«ЖЕЛЕЗНЫЕ» ДЕВОЧКИ И МАЛЬЧИКИ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *