ЖаңалықтарҚоғамМәдениетМерекелерРухани жаңғыру

«Бала дауысы» бесінші маусымы

26 наурыз бен 25 сәуір аралығындаҰлттық «Бала дауысы» балалар ән конкурсының бесінші маусымының қашықтықтан іріктеу кезеңі өтеді. Конкурстың ұйымдастырушылары 8-12 жас аралығындағы балаларды еліміздің ең ауқымды музыкалық жобасының қатысушысы болуға шақырады.
Онлайн-іріктеу турына қатысу үшін өтінімді толтырып, кез- келген тілде және кез- келген жанрда екі-үш ән үзінділері орындалған бейнесін жіберуі қажет. Іріктеу турының қорытындысы бойынша 17 финалист анықталады, олар маусым айының басында Алматы қаласына шақырылатын болады.
«Бала дауысы» — бұл әлеуметтік жоба, оның барлық кезеңдеріне қатысу тегін, ал оның жеңімпаздары мен жүлдегерлері еліміздің музыкалық оқу орындарында білім алуға гранттар мен ертегілер әлемі — Диснейлендке жолдама алады.
Байқаудың ұйымдастырушылары- Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры.
Толық ақпаратты Конкурстың ресми www.baladauysy.kz сайтынанбіле аласыздар. Өтінімдер www.notka.kz сайтында 26 наурыздан бастап қабылданады.

0

Питание школьников

Алдыңғы ақпарат

Электромагниттік өрістің жоғары деңгейінің адам ағзасына әсері

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *