Білім және ғылымВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғам

БАЛАҒА БАҒЫТ ЖАНҰЯДАН

«Баланы жастан…» деп халқымыз бекер айтпаған. Бала аяғын апыл-тапыл басқаннан-ақ соның әр қадамын қадағалап дұрыс жүруіне, тілі шыға бастағаннан-ақ былдырлаған сөзіне үлкен мән берген. Кейін келе бір сөзді дұрыс айтпаса соны түзетіп дұрыс қалыптасуын қадағалаған. «Тәрбие тал бесіктен» дегені де сондықтан. Үлкен ата-әженің тәрбиесімен сусындаған баланың қай жағынан болса да басқа балалардан шоқтығы биік, өресі жоғары екені жасырын емес. Осы сөзіміздің дұрыстығы үшін екі мысал келтіре кетейік.
Біріншіден, бұрындары бала ата-әкелерінен немесе әке-шешелерінен қазақы ертегілер мен батырлар жырын, лиро-эпостық жырларға құрылған аңыз әңгімелерді көп еститін, оқитын. Дұрысы мұғалімдер қысқы, көктем мен жазғы демалыстарында оқып келулеріне тапсырма беріп ықпал ететін. Мектепке оралғанда мазмұнын сұрап, соған қарап баланың қабілетін бағалайтын. Соның нәтижесінде баланың ұлттық тәрбиеге деген құмарлығы артып, ана тілдік ой-санасы кеңіп тілдік қоры баий түсетін. Мәдениеттілікке қалыптасатын. Енді екіншіден жаз келіп балалар демалысқа шығысымен еңбекке тартылатын. Онда жаз бойы алқаптарды көкөністердің арам шөптерін тазартатын. Дұрысы күні бойы өзіне лайықты еңбек ететін. Сондай-ақ біреулері қыстағы малдың жиылған қиын айдап (малды ауылдарда) отындық үшін төбе-төбе құймақ құйса, енді біреулері шабындыққа барып шөмеле салуға көмектесетін. Бұдан шығар нәтиже баланың еңбекке (болашаққа) деген құлшынысы артып қалыптасса, бір жағынан қаржы тауып жанұя қорына өзіндік үлесін қосады. Бірде теледидарда өз сөзіне де халқымыздың сүйікті азаматы, танымал чемпионымыз Ермахан Ыбырайымов «Мен балаларымды каникулға шыққан соң оқу басталғанша ауылға жіберемін. Онда еңбек етіп, еңбекқорлыққа тәрбиеленеді, қазақы тілді болып, сыйластықтың үлгісін алады, қазақтың дархан даласының қадір-қасиетін түсінеді» дегені бар. Міне, қандай керемет тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге. Бүгінде біз бала тәрбиесіне енжар болып кеткендейміз бе қалай? Олай дейтінім (бір жағынан жұмыстан шаршап келгендіктің де әсері болар) «Ой, баланы тәрбиелеп оқытатын мұғалім бар ғой» дейміз. Тағы да «қайта мазамызды алмай компьютерге айналып тыныш отырғаны жақсы емес пе. Мейлі үйден шықпай сонымен айналыса берсін» деп қоятынымыз бар. Осылайша ұстаздарға қосымша ата-ананың тәрбиелік сөзін естіп жүрмеген бала отбасылық тәлімнен алыстай бастайды. Отбасындағы тәлімдік сөз бен тәрбие болмаған соң ұстаздардың тәрбиесі аздық етеді. Бұл жерде ұстаздар тәрбие бермейді деген сөз емес, қосымша үйдегі тәлім-тәрбие үнемі басқа. Өзім ұлымды кішкентайынан ертелі-кеш жұмыстан соң әйтпесе демалыс күндері азды-көпті үй шаруасымен айналысқанымда үнемі қасымнан тастамай ертіп алып, өзіне лайықты жұмыс істетем. Жұмыс істегенде сол ісімнің мән-жайын қосымша айта жүрем. Ондағы ойым оны жұмысқа салып қарық болайын деу емес, соны көріп үйреніп, білсін дегенім, еңбекке қалыптастыру.
Қазір бала істей қоятын шаруа жоқтың қасы. Әсіресе қалалар мен қала типтес аудан орталықтарында. Сондықтан біз жоғарыда сөз еткендей бір сәт балаға көңіл бөліп білгенімізді айтып отырсақ бала да тәрбиесіз болмас деп ойлаймын. Түзелер «Е, былай етсем дұрыс болар, олай етсем жақсы екен-ау» деп ойланар. Сөйтіп ой түзер. Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында назар аударған тағы бір маңызды мәселе ­– ол педагогтардың сапасы мен біліктілігін арттыру. «Қазақстан – 2030» Стратегиясында Елбасы: «Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты», — деп айрықша атап айтса, биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты», — деп білім беру саласын дамытудың қаншалықты маңызды екендігіне жұртшылықтың назарын аударды. Бұл орайда Н. Назарбаев мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, 12 жылдық оқыту моделі, кәсіптік және техникалық білім беру, жоғарғы білім берудің сапасы, интеллектуалды мектептер, жаңа халықаралық университет сынды орындар алға қойылды. Білім саласының қызметкерлерінің бүгінгі таңда жауапкершілігі мен маңызы күшейіп отыр. Өйткені, сапалы білім беру елімізді даму жолына түсірудің басты алғышарты болып табылады. Білімсіз қоғамда прогресс, жаңа өрлеу мүмкін емес. Бала деген иіліп тұрған талшыбық. Қалай исең солай қисаяды. Елбасымыздың Жолдауында бала мәселесін көтеріп, еліміздің болашағы бүгінгі ұрпағымыз яғни балаларымыз екенін ұдайы айтуы бекер емес. Бала – болашақ, қоғам, ұлттық тіл, салт-дәстүр. Ендеше бала тәрбиесінің негізі отбасыдан екенін ұмытпайық.
Ел ертеңi – бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттайық. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деп атап көрсеткен. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады. Отаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы.

Қуанышбек ҚОЖАХМЕТ,
«Простор-2» саяжайы Байсерке ауылдық округі

0

ЕЛ ЕРТЕҢІ – БҮГІНГІ ҰРПАҚ

Алдыңғы ақпарат

МЕЙІРІМДІЛІК –ЖҮРЕКТЕН

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *