ЖаңалықтарРухани жаңғыру

Байсерке -берекелі мекен

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында аудандық ардагерлер ұйымы өкілдерінің Байсерке ауылындағы №28 мектеп-гимназиясында «Жарасымды көршілер – сенімді әріптестер» атты аудандық акциясын өткізді. Он округті аралаған берекелі акция  Байсерке ауылдық округі әкім аппараты мамандарымен округтегі ауылдық Ардагерлер кеңесі, Қоғамдық кеңес, әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен өтті.

Байсеркелік абыз ақсақалдар акцияның басында-ақ округтерден келген қонақтарды шашу шашып қарсы алды. №28 мектеп-гимназиясының ұзын дәлізінде Жаңадәуір, Жаңаталап, Ынтымақ, Қоянқұс, Әли және Байсерке ауылының қолөнершілері мен әншілері, барлық округтің түкпір-түкпірінен келген қонақтар өздерінің өнерлері мен қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдарын көрме ретінде көпшілікке ұсынды. Олар ауыл тарихын фотоальбом жасап, келген қонақтарға округтің тарихымен таныстырды. Ауылдың құрметті азаматы Қасым Нұрмахамбетов бастаған бір топ ақсақалдар кішігірім кеңес жасап тарихтан сыр шертті. Осыған тәнті болған округ әкімі Тілеукен Отыншықызы әр ақсақалға құрмет ретінде тойдың тартуы деп шапан жауып, ақ әжелерге орамал тарту етті. Одан әрі округтегі түрлі ұлт өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарымен таныстырыды.

Акт залына келген қонақтар сахнада ел тарихынан үзінді көрсетті. Онда 1933-1937 жылдардағы қуғын-сүргінмен бастап 1986 жылдардағы желтоқсан оқиғасына дейінгі қазақ халқының сол кездегі жан күйзелісін қойылым ретінде қойды.

Іс-шарада аудандық Ардагерлер кеңесі төрағасы Ә. Исаев, қазақтың бір туар ақыны К. Әзербаев қызы Т.Кененқызы, аудандық мәслихат хатшысы Р. Абилова сөз сөйлеп қортындылады.

Шара соңында Байсерке ардагерлері сахна төріне Ақши ауылдық Ардагерлер кеңесінің мүшелері шақырылып, тойбастар тарту етіліп, кезекті сол ауылға берді.

 Б. ЧОЙБАСОВ

0

Итоги саночистки района

Алдыңғы ақпарат

Бүлдіршіндерді жаңа әлем шақырады

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *