Өнеркәсіптік революция 4.0Цифрлы Қазақстан

БАҒЫТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН

Биылғы Елбасы Жолдауының аты айтып тұрғандай, Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері қандай? Бұл Президенттің 2030 және 2050 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарының жүзеге асырылуын, екінші жағынан мүлде жаңа деңгей, мүлде жаңа дүниетаным, мүлде жаңа міндеттердің алға шығып тұрғандығын көрсетеді. Осы жылдарда бүкіл дүниежүзілік ғаламдық процестер күтпеген қозғалыстарға, ерекше өзгерістерге түсіп жатыр. Сол өзгерістердің өзі Төртінші индустриялық революцияны тездетіп жіберіп отыр. Соған сәйкес, қазіргі кезде бүкіл қоғам алдында, болашақ ұрпақ алдында жаңа сапалық даму тұр. Оның басты тармағының бірі – цифрландыру.

Яғни, ғаламдық дәрежедегі құбылыстардың өте жіті және белсенді түрде дами отырып, өзінің қатаң талаптарын ұсынатыны да белгілі. Оларды қысқа мерзімде игеру үшін адамдардың қандай мүмкіндігі болуы керек? Міне, Елбасы жариялаған он бағыттың маңыздылығы да осында. Он бағыттың жетінші бағыты – Адам капиталын жаңғырту мәселелері. Соған қысқаша тоқталсам, біздің жаңағы айтып отырған өнеркәсіптік, технологиялық, жаңа жұмыс орындық еңбек процесінің өзгерістерін, жаңалықтарын, жобаларының бәрін жасайтын – адам. Тек білімді адам жасай алады. Енді бұған біздің кешегі дәуірдің, өтіп кеткен заманымыздың білімі жете ме, жетпей ме? Мәселе, осы тұрғыдан да қаралуы тиіс. Яғни, алдымызда жаңа сапалы білімге тез бейімделу міндеті тұр. Әсіресе, жас ұрпақ жаңа кезең алдында. Біздің мемлекетіміздің, Үкіметтің, Парламенттің міндеті – қажетті бағдарламалар, тұжырымдамалар, концепциялар жасау, соған жауап бере алатындай қажетті заңдар қабылдау. Елбасының Жолдауында мынандай сөздер айтылған: «Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет», – дейді. Мен мұны қалай түсінем? Бұл – педагогтарды дайындау, яғни жас ұрпақты жаңа білімге оқытатын мамандар дайындау қажет деген сөз. Яғни, жаңа педагогикалық оқыту мәселелерін қолға алу керек.

Тереңдеп ойласаңыз, бұл Жолдау – бұрынғы үлкен стратегиялардың дамуы, соның жалғауы. «Қазақстан – 2050» стратегиясында Елбасы бірнеше жыл бұрын Мәңгілік ел болу арманымыз бен мақсатымызды айқындады. Әрбір Жолдауда соған нақты міндеттер айтылады. Егер біз жаңа білімді маман дайындай алсақ, білімді маманымыз қабілетті болатын болса, ертеңгі күні жаңа заманның жаңа технологиялық талаптарына сай боламыз.

Қанат РАХИМОВ,

«Атамекен» ҰКП Іле ауданы филиалының директоры

0

ДІНИ САУАТСЫЗДЫҚ – ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ БАСТАУЫ

Алдыңғы ақпарат

СЕРПІН БЕРЕДІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *