ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВМерекелер

БАҚ ПЕН ШАТТЫҚ КӨЛ-КӨСІР

Ұлыстың ұлы күні, Наурыз мерекесі Ащыбұлақ ауылдық округінде жалғасын тапты. Онда округ әкімінің міндетін атқарушысы Б.Иманбеков округ халқын наурыз мерекесімен құттықтады. Мереке наурыз айының 21-де Ащыбұлақ округінде атап өтілді. Ащыбұлақ тұрғындары бұл мерекеде 10 киіз үй тігіп ауыл тұрғындарына наурыз көжесін ұсынып, дастархандарынан дәм татқызды. Сонымен қатар, аудандық депутат С.Чатуев М.Туймебаев ауылында орналасқан «Исмаил Ибн Ибрахим» мешітінде Қазақстан халқы ассамблеясының белсенді мүшелеріне ақ дастархан жайылып, онда наурыз көже таратылды.
Округ көрермендеріне концерттік бағдарламадан тыс жас ерекшеліктеріне қарай ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды және бұл ойындарға жиылған қауым белсене қатысты. Мерекеде ауданы әкімі Б. Қарасаев Ащыбұлақ округі халқын наурыз мерекесімен құттықтауға арнайы келді.
Сонымен қатар, округ әкімі тарапынан ұйымдастырылған наурыз мерекесіне дүнген диаспорасы, барлық саяжайлардың төрағалары, ақсақалдар кеңесі мүшелері жастары қатысып барлық киіз үйлердің дастарханынан дәм татты.

Бағдат ЧОЙБАСОВ

0

Көктем кебеті

Алдыңғы ақпарат

ҰЛЫС КҮНІ, ҰЛТТЫҚ СПОРТ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *