Ауыл шаруашылығыВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғамПромышленность и предпринимательство

Бұрымды қыз мал бордақылауды қолына алды

Алатау баурайынан айдынды Балқашқа дейін көсілген сайын даланың дәл ортасында, Алматы– Астана тасжолының бойында құстың ұясындай шағын дөңгеленіп жатқан, сыныптай сырғып аққан Ілеге еркелеген әйгілі Күрті өзенінің жағасында орын алған–Ақши елді мекенінде жас кәсіпкер Айкерім Шаймова өз кәсібін ашты. Іле аудандық филиалына келіп, кеңес алған болашақ кәсіпкер, Бастау Бизнес жобасы бойынша бір ай оқып, кәсіптің қыр сырын біліп шыққаннан кейін бірден өз жұмысына білек сыбана кірісті.

Іле ауданы Өтеген батыр кентінде қазіргі күні «Бастау Бизнес» жобасы аясында оқып, біліктілігін көтерген азаматтардың жобасы қаржыландырылып, жүзеге асырылуда.

Өзі әлі тұрмыс құрмаған Айкерім ата кәсіпті қолға алуда ешқандай қиындық көріп тұрмағанын жасырмады. Айкерімнің мамандығы тәрбиеші болғанымен, қазір кәсіппен айналысқысы келетін азаматтар үшін жасалып жатқан мемлекеттің қолдауын көріп, жеке ісімен айналысуға бел буады. Айкерімнің қуанышына орай, биыл ауданымызда 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек бағдарламасы»жұмыссыз жүрген азаматтарды жаппай кәсіпкерлікке баулу бағдарламасы жалғасын тауып, азаматтарды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту қолға алынды.

«Бастау Бизнес» бойынша аудан орталығы Өтеген батыр кентінде да оқуға болатындығы жөнінде естіген тәрбиеші курсқа жазылып, бір ай біліктілігін жетілдіреді.

«Курсты оқыту барысында Айкерім бірге болашақ кәсібінің моделін әзірледік. Ол үшін Айкерімнің табиғатына жақын, бұрын айналысып көрмеген істі таңдаған жөн деп шештік. Мал шаруашылығы олардың отбасы үшін таңсық нәрсе емес. Қолдарында жылқы, сиыр, қойлары бар. Айкерім ойлана келе ірі-қараны көбейтіп, сатуды кәсіпке айналдыруға бел буды. Ол үшін Айкерім жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, бизнес-жоспарын әзірледік», – дейді Кәсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» жобасының аудандық бизнес-тренері өз ісінің шебері Багжаева Гулмира Серикмуратовна .

Айкерімнің мал шаруашылығы ішінде ірі-қараны таңдауы да тегін емес, себебі ірі-қара  етіне бүгінде нарықта сұраныс жоғары. Еттің бағасы өскен. Бұл туралы өзі: «Бізде немесе көршілес аудандарда малды арнайы етке даярлаумен көптеп айналысуда. Мен оларға жақсы бәсекелес бола аламын. Өйткені, көбісі орташа немесе арық малдардың сойылу себебі басқа мал жоқ, ал етке деген сұраныс күннен-күнге артып келеді».

Киелі ауыл Ақшидің Айкерімінің ет өнімдерін сату бойынша жоспары да бар. «Малды өрісте жайып семірткендіктен еті өте дәмді болады. Сондықтан да сату қиынға соқпайды, біз жылқы етін нарық бағасынан әлде қайда төмен бағада сата аламыз. Мал бабына келуіне қарай қарай жыл он екі ай саудаланады. Себебі,семіріп, жетілген малды артық ұстаудың қажеті жоқ. Қыс айларында сату жұмыстарын тоқтатпау үшін, малға қажетті арнайы жем берілуі керек, бұл ірі-қараны семірту үшін және өзі де семіріп келген малды аздырып алмау үшін қажет. Біз ол жағына да дайынбыз», –дейді кәсіпкер.

Бір айлық курста алған біліктілігін бизнес-жоспарға енгізіп, облыстық комиссия алдында жобасын сәтті қорғаған Айкерім бастамасы комиссия мүшелерінің де көңілінен шықты. Нәтижесінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы облыстық филиалы ақшилік қайсар қызға жобасы өміршең деп тауып, жобасын жүзеге асыруға 4 млн.теңге несие берді.

«Бастамамды жүзеге асыруға мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Бұл қаржыға малдың басын көбейтіп, ісімді бастап кетуге жақсы демеу. Ол үшін қажетті қора-жайын, жайылымдық жерім де бар. Жобамды жүзеге асыру барысында 2 адамды жұмыспен қамти аламын. «Бастау Бизнес» жобасы – маған балық емес, қолыма қармақ ұстатты. Ендігі табысымның қаншалықты болатыны, ісімнің өрге жүзуі өзіме байланысты. Мемлекеттік қолдауға ризамын», – дейді Айкерім Шаимова

Ата кәсіп мал шаруашылығын дамыту мақсатында, 2020 БДЖ бойынша «Игілік» бағдарламасы арқылы «сүтті сиыр мал басын көбейту» мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» — қоры арқылы қаржыландырылды. кәсіпкер Шаймова, жұмыссыз тұлғаға жұмыс беріп отыр. Болашақта Топардың «Қызыл бас» сиырын көбейтсем деген жоспары бар. Кәсібін өрге домалатқан кәсіпкер, Атамекен кәсіпкер палатасы–Іле аудандық филиалының ұжымына алғысын білдірді. «Мен Атамекенді қолдаймын» –деген ыстық лебізінде жеткізді. Айы оңынан туған кәсіпкерге бізде шын ниеттес болып тілегіне қосылдық.

 

Б. ЧОЙБАСОВ

«СК-Фармация» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысты қолдады

Алдыңғы ақпарат

МҮМКІНДІКТЕРГЕ ТОЛЫ ЖЫЛ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *