Астана 20-жылЖаңалықтарҚоғамРухани жаңғыру

БӘЙТЕРЕКТІ ҰЛЫҚТАҒАН АСТАНА

Әр елдің болашақ тағдырын айқындайтын тарихи кезеңдері болады. Сондай кезеңдердің бірі – астанамыздың Сарыарқа төсіне қоныстануы болды. Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреген күннен бастап, еліміз үшін жаңа тарихтың басталғаны белгілі. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үлкен мақсаттарды алға қойды. Осы тұста Елбасымыздың көкірегінде қайнап піскен, Елорданы Ақмолаға көшіру туралы идеясы ешбір кедергіге, кейбіреулердің күдіктеріне қарамастан іске асып, бүгінде ел мақтанышына айналып, тарих беттерінде алтын әріптермен жазылды. Астана осынау 12 жылдың ішінде әлемге танылды және елімізді әлемге танытты. Ондағы зәулім сарайлар мен сәулетті үйлер бір-бірімен үйлесіп, қаланың көркіне көрік қосып тұрғандай. Астананың көркіне небір өркениетті елдер таңдана да тамсана қарауда. Астана – ең алдымен Елбасымыздың ерен еңбегі мен ерлігі. Қазақстанның жаңа тарихының шынайы бейнесі.

Елбасымыз Елорданы Астанаға көшіру бастамасымен миллиондардың тарихи миссиясына арна ашты, жаңа Астана ұлттық идеяның ұйытқысына айналды. Оның негізгі мақсат-міндеттері – бірлігі жарасқан қазақ елінің азаттығын қамтамасыз ету және осы мұрат-мүддеге қызмет ету болып табылады. Нәтижесінде, жаңа Елорданың болашағына, қысқа мерзімде осыншама ілгерілеу мүмкіндігіне күмән келтірген қоғамдық пікір толық жеңіліс тапты. Сөйтіп, Есілдің жағасында, Сарыарқаның төсінде, інжу-маржандай Ақорда мен Бәйтеректі ұлықтаған Астана «Әлем қаласы» атанып, көркімен де, көлемімен де, келбетімен де төрткүл дүниені мойындатты. Бүгінгі еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін Астанаға мақтанышпен қарайды, оны елдігіміздің, мемлекеттігіміздің нышанындай қабылдайды.

0

Teaching is my profession

Алдыңғы ақпарат

РАЙОН, НЕ СДАЮЩИЙ ПОЗИЦИЙ И ИМЕЮЩИЙ ПОТЕНЦИАЛ К РОСТУ ПОКАЗАТЕЛЕЙ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *