ЖаңалықтарҚоғамРухани жаңғыру

АЗАТТЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ АРЫСТАР

Іле ауданының 90 жылдығына арналып Ащыбұлақ ауылдық округінде «Рухани құндыпықтарымыз — қазақ батырлары» тақырыбында конференция өтті. Шара Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында, ұлтгық құндыпықтарымызды жас ұрпақтың бойына сіңіруде ұлтжандылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін кездің қарашығындай қорғайтын, бойында ұлттық санасы қалыптасқан түлға тәрбиелеуде Жетісу өңірінен шыққан қазақ батырларының ерлік істерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Батырлардың өмірбаяны мен ерліктерінен кұралған видео фильм көрсету арқылы жиынды бастады.

Қазақ тарихының әрбір кезені, яғни елбасынан өткен, халық тағдырындағы саяси оқиғаларда терең із қалдырған тұлғалардың — қазақ батырларының бейнесі арқылы, солар өмір кешкен, азаттық жолында арпалысып өткен заман, уақыт кеңістіл арқылы көркем шежіреленді. Әдеби кейіпкер ретінде бой көтерген осынау тарихи тулғалардың көркем, жинақталған бейнесін сомдау енді өз кезелнде қаламгерлер үшін де жаңа суреткерлік, шеберлік мүмкіндіктерге жол ашты. Осы орайда, әрбір әдеби жанрдың көтеретін жүгі басып, әдеби әдіс-тәсіпдердің көкжиегіде кеңи түсті. Осы арқылы дәстүрлі қазақ поэзиясының кең тынысы жаңа құнарлы көркемдік ізденістерге қол артуға қаламгерлерді итермеледі. Ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан әдебиет тарихындағы рухани көшіміздің ең бір асылы мен аяулысы да ягни рухани кұндылықтарымыздың баға жетпес байлығы да қарап отырсақ осы арнадан енші тауыпты.

Райымбек, Сартай, Жанқожа, Сұраншы, Саурық, Қарасай, Жәпек, Малай, Өтеген, Байсерке, Жауғаш, Әлмерек абыз сынды батырлардың ерлігіне жазылған баяндамаларды мектеп оқушылары мен мұғалімдер қорғап шықты. Әділқазылар алқасында, аудандық ішкі саясат беліМінің басшысы Жарқынбеков Сұлтан Данашұлы және Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ардақ Аубакирова болды. Конференция соңында қатысушыларды жүлделі орындармен марапаттады.

Ол шеті мен бұл шетіне құс қанаты талатын қазіргі кең байтақ өлкемізді, құтты қоныс, ата мекенімізді ұлы жорыктарда батыр бабаларымыз білегінің күшімен, нәйзасының ұшымен қорғай жүріп бізге аманаттап қалдырды. Осы еңбегі үшін халық биікке көтерген, ардақтап, аттарын аңызға айналдырған батырларды ұлықтап бүгінгі жастарға мұра етіп, ерліктерін тарих беттерінен таныстырып келеміз.

 

А. САТЫМХАН

0

НАУРЫЗ ВСТУПИЛ В СВОИ ПРАВА

Алдыңғы ақпарат

ДҮРКІРЕТІП ТОЙ ЖАСАДЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *