ЖаңалықтарЗаң және бізҚоғамЭкономика

АЗАМАТТАР ҮШІН АШЫҚ БЮДЖЕТ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Antikor ortalyǵy» сервис орталығының алаңында Ашық бюджеттердің интерактивті картасының жұмысын түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Департаменттің аға офицері Медет Тұрыбаев Рublicbudget.kzпорталындабюджет қаражаты туралы ақпаратты орналастыруға жауапты өңірдің мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерін жобаның негізгі міндеттері мен мақсаттары туралыақпараттандырды.

Семинар барысында қатысушыларға Ашық бюджеттердің интерактивті картасымен жұмыс істеуге үйрететін бейнематериал көрсетілді.

Спикер өз сөзінде атап өткендей, жоба қоғамдық ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдету, мемлекеттік билікке деген сенімді арттыру, сондай-ақ билік пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді диалогтық тұғырнамасын құру үшін құрылған.Карта нақты уақыт режимінде республиканың, оның ішінде Ақмола облысының әлеуметтік объектілерін салуға, жөндеуге және ұстауға бөлінген бюджет қаражаты туралы егжей- тегжейлі мәліметтерді көрсетеді.Сервис өнім берушілер, бөлінетін сомалар, құрылыс мерзімдері, кепілдік міндеттемелер, құрылыс егжей-тегжейі бойынша ақпаратқа қол жеткізуді ашады.

«Айта кету керек, бүгінгі таңда порталда ұйымның 1600-ден астам бюджеті орналастырылған. Дегенмен, интерактивті жұмыстың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жауапты қызметкерлерге ұйымдардың бюджеті туралы өздері толтыратын мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына ерекше назар аудару қажет», — деп атап өтті Медет Тұрыбаев

0

Списокуполномоченных лиц по взаимодействию с институтами гражданского общества в местных исполнительных органах

Алдыңғы ақпарат

Алматы облысының аумағынан өтетін айналма жолдың сызбасы

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *