Без рубрики

Қазақстанның орнықтылық қоры өз облигацияларын ұстаушыларға 108,5 млрд теңге төледі

Қазақстанның орнықтылық қоры, 6 сәуір.«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ («BBB» / «Тұрақты» болжам, Fitch, бұдан әрі — ҚОҚ) өз облигацияларын өтеу мақсатында құнды қағаздардың ұстаушыларына жалпы сомасы 108,5 млрд теңгені уақтылы және толықтай төледі. Оның ішінде купондық сыйақы 8,5 миллиард теңгені құрайды.

Облигацияларды өтеу орташа мөлшерлемесі жылдық 9,9% бойынша орналастырылған үшінші облигация шығарылымы аясында өтті.

ҚОҚ «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын нарықтық тетіктер арқылы қаржыландырып отыр. Ол үшін Қазақстан қор биржасында облигацияларды орналастыру арқылы қаржы көздері тартылады. Қазіргі таңға дейін осы мақсатта орналастырылған облигациялардың жалпы сомасы 370,3 млрд теңгені құрап отыр. Облигациялардың бес траншы жарық көрді. Төлемдер бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді.

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Сыртқы байланыстар қызметі

Тел: 8 (727) 2772025, ішкі.7342

Ұялы: +7 701 717 8781 (Қызмет жетекшісі Шынар Жәнібекова)

info@kfu.kz

0

В Текели прилетел белый лебедь

Алдыңғы ақпарат

МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *