ЖаңалықтарЗнай нашихҚоғамСпорт

Қазақстандық танымал джиу-джитсуші Нұрсұлтан Орынбасаров күлгін белбеу иегері атанды

Спортшыға бұл мәртебелі марапатты жуырда Алматы қаласындағы «Qazaqstan top team» академиясының жаңа залының ашылуы кезінде джиу-джитсудан қара белбеу иегері америкалық Адам Фокс табыстады. Бразилиялық джиу-джитсу спортында ересектер арасындағы белбеулер дәрежесіне қарай 8-ге бөлінеді. Оның әрқайсысы әртүрлі түсте келеді. Сол арқылы спортшының шеберлігі мен тәжірибесін, жетістігін аңғаруға болады. Нұрсұлтан Орынбасаров иеленген күлгін түсті белбеу – бразилиялық джиу-джитсудағы екінші дәреже. Нұрсұлтан Орынбасаров – грепплингтен Азия чемпионы, джиу-джитсу мен аралас жекпе-жектен халықаралық жарыстарда талай рет жүлде алған спортшы. Қазіргі таңда Алматы облысы, Ащыбұлақ ауылдық округі М. Түймебаев ауылында «Сағадат сардар» спорт клубын ашып, жастарды спортқа баулып келеді. Әртүрлі жаста 80-нен астам шәкірт тәрбиелеп жүрген жаттықтырушы өз тәлімгерлерімен мақтанады. Бүгінде Нұрсұлтанның шәкірттері қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарда жүлде алып жүр.

0

АҚПАНДЫ ҚАРА ӨЛЕҢГЕ БОЯЛТҚАН

Алдыңғы ақпарат

Қарты бар елдің — қазынасы бар

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *