ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВ

АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ


Іле аудандық кітапханасының жас мамандары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «Жастар жылына» орай, «7 жаңа туристік маршруттар» жастар байқауы бойынша, Ақши ауылының шығу тарихы мен жергілікті жердегі танымалдығы аз сакралды, тарихи, киелі орындары мен Жетісудың жауһарлары саналатын табиғи орындарды насихаттау мақсатында осы жылы Ақши ауылына тарихи – туристік экспедицияға шығып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Экспедиция өз заманының белгілі тұлғасы, ел намысын ешкімге жібермеген батыр, әділ би, емі шипалы тәуіп болған Белағаш Ақұлының кесенесінен бастау алып, қасиетті өңір тас керегеге ұқсаған «Кереге тас» киелі жері және қазақ кино өнерінің жауһарына айналған, «Қыз Жібек» киносы түсірілген «Тас қотан» шатқалы, 1967 жылы қоғам қайраткері Д. А. Қонаевтың қолдауымен салынған, 50 жылдық тарихы бар Күрті су қоймасымен жалғасты. Кітапхананың жас мамандары экспедиция барысында ауыл қарияларынан әр киелі орынның тарихы туралы қажетті ақпараттар алып, мәліметтер жинақтады. Алдағы уақытта осы ақпараттар бейнеролик өзегіне айналмақ.

Қ. БҰДҰҒҰЛОВА, аудандық кітапхана меңгерушісінің міндетін атқарушы

0

БАСТЫ ҰСТАНЫМ — РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Алдыңғы ақпарат

ҮМІТІМІЗ ҮЛКЕН, МАҚСАТЫМЫЗ АЙҚЫН

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *