ЖаңалықтарҚоғамӨнеркәсіптік революция 4.0

АУЫЛ ДАМУЫНА ДЕН ҚОЯТЫН КЕЗЕҢ

Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында ауылдың дамуына ерекше ден қою керек. Бұл ауыл шаруашылығы секторын жетілдіру арқылы іске асады. Агроөнеркәсіп кешеніне жаңа технологияларды енгізу ауылды дамытуға серпін береді, сондай-ақ халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, Қазақстанда агроөнеркәсіп саласын дамыту үшін орындау керек шарттарды атап өтуге болады.

Ең бастысы «жасыл» экономика технологиясы негізінде аграрлық өндірісті үдете түсу қажет. Бұл дегеніміз, ауыл шаруашылығында ақпараттық технологиялардың соңғы жетістіктерін қолдану керек деген сөз. Сонымен қатар егу мен тыңайтудың тығыздығын нақты есептеуге, топырақ эрозиясының азайтуға мүмкіндік береді. Содан кейін, жаңа үрдістегі, технологиялық және бизнес-процестерді оңтайландыратын, ауыл шаруашылық өндірісін арттырып, тиімді пайдаланатын аграрлық компанияларды қалыптастыру қажет. Яғни, ауыл шаруашылық ұйымдарында, фермерлер, ғалымдар, компьютер мамандары, маркетологтар және басқалар бірлесіп жұмыс атқаруы тиіс. Осылайша өндірістік процестің, технологиялық, ақпараттық және әкімшілік тұрғыдан қамтамасыз етілуі ауыл шаруашылық ұйымының дамуына оңтайлы әсеретеді.

Ауыл шаруашылығында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды дамыту қажет. Бұл инновацияларға бағытталған аграрлық бизнестерге гранттар белу арқылы іске асады. Сонымен қатар, Қазақстанда дәнді дақылдар өндірісінің дамуымен бірге мал шаруашылығын дамыту механизмы қарастыру қажет. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жабдықтарын сапалы түрде жаңарту мәселелерін қарастыру қажет.

Р. ТОТЫБАЕВА, ауданының «Құрметті азаматы»

0

АСТАНА ТАМСАНДЫРҒАН ТАЛАЙДЫ

Алдыңғы ақпарат

ЕҢБЕГІ КӨПТІҢ, ӨНБЕГІ КӨП

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *