Тұлға

АУЫЛ АҒАСЫ


Қандай мамандықты алсақ өзіндік қызығы мен қиыншылығы бар. Сол мамандық арқылы елге қызмет жасайды, осындай қажырлы еңбек еткен азаматтардың бірі Бекмұратов Асылхан Төлегенұлы ағамыз биыл 70 жасқа келіп отыр.
«Ел ағасыз болмайды, тон жағасыз болмайды» дегендей Асылхан аға Жаңадәуір ауылының нағыз жанашыры, ауыл ағаларының бірі болып отыр.
Бекмұратов Асылхан Төлегенұлы Алматы облысы, Іле ауданы, Жаңадәуір ауылында 1949 жылы 28 сәуірде дүниеге келген. 1956-1963 жылдары 8 жылдық мектепті бітірген. 1963-1966 жылдары Алматыдағы мектеп-интернатта оқып,үздік бітірген. Сол жылы колхозға жұмысқа кіреді. 1966 жылы тамызда тракторист-машинист оқуын бітіріп, Жаңадәуірге тракторист болып жұмысқа орналасады. 1968-1970 жылдары әскерге кетіп, ВДВ радио-телеграф саласын меңгеріп, Отан алдындағы борышын өтейді. Келген соң колхозға жұмысқа кіріп, 1970 жылы Күреңкеева Ақбала Байқонысқызына үйленеді. Жұмыстан қол үзбей, сырттай оқуға түсіп 1972-1974 жылдары Талғардың ауыл шаруашылық механикасы техникумының техник-механик мамандығын үздік дипломмен бітіреді. 1975 жылдан Жаңадәуірдегі трактор бөліміне бригадир болып істейді. 1977-1982 жылдары Алматыдағы ауыл шаруашылық институтында сырттай оқып, агроном мамандығын алған. 1978 жылы Жаңадәуірдегі трактор егістік бригадасында бригадир болды. 1994 жылы Байсерке округі Жаңадәуір бөлімшесіне төраға болып тағайындалып, 2006 жылы колхоз таратылғанша басқарды.
Қызмет барысында 1980 жылы «Социалистік жарыс жеңімпазы» медалі, 1981 жылы «ВДНХ» медалі, 1993 жылы «Еңбек ардагері» медалі, 2016 жылы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» медалімен марапатталған. Сонау бала кезінен 6-сыныпта оқушылар бригадасының құрамында қызылшада істеп, шешесі Биғайшаға айлығын әкеп берген еңбекқор жан 51 жыл бойы Отанымызға қызмет етіп, 2012 жылы зейнетке шықты. Отбасында жарты ғасырдай отасып келе жатқан жары Ақбала екеуі бес баланы мәпелеп өсіріп, бүгінде он бір немерелерінің қызығын көруде.
Бекмұратов Асылхан аға Жаңадәуір ауылы Қоғамдық Кеңесінің мүшесі және туған ауылының патриоты ретінде ауыл өмірі мен қоғам өміріне белсене араласып келеді. Атап айтқанда 2015 жылы «Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 70 жыл» соғыс ардагерлеріне ескерткішін, 2016 жылы «Еңбек майталмандарына» ескерткішін, Ауған соғысының аяқталуының 30 жылдығында 2019 жылы «Интернационалист жауынгерлеріне» ескерткішін қоюға ұсыныс көтерді және еске алу шараларын ұйымдастырды.
Қырық жылдай тарихшы мұғалім болып зайыбы Ақбала Байғонысқызы 2001 жылы мектепте, ауыл тарихын зерттеп «Өлкетану» мұражай ашқан еді. Кейін 2008 жылы зейнетке шыққан соң ол жабылды. Қазіргі таңда мектепте мұражайды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Асылхан аға мен Ақбала тәте екеуі бірдей атсалысып, ақыл кеңестерін беруде.
Асылхан аға «70 жас» толған тойыныз құтты болсын! Ақбала тәте екеуіңіздің «Жақұт той 45 жыл» мерейтойынызбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз. Туған жер мен туған елге қызмет етіп, жарқын үлгі көрсетіп, қанаттарыңыз талмай, халқымыздың шексіз алғысына бөленіп, жасай беріңіздер демекпіз.

Жаңадәуір ауылының
Қоғамдық Кеңесінің мүшелері.

0

ЦИФРЛЫ ҒАЛАМ БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ

Алдыңғы ақпарат

АНТИКОРРУПЦИОННАЯ РАБОТА В ВОЙСКОВОЙ ЧАСТИ 20709

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *