ЖаңалықтарҚоғамСпорт

АУДАНЫМЫЗДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2018 жылдың 10 наурыз күні Өтеген батыр кентінде орналасқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында және Астананың 20 жылдығына орай, мешітке келуші жамағаттар арасында шағын футболдан аудандық жарысы өткізілді.

Жарыстың басты мақсаты:

— Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру;

— Астананың 20 жылдық мерекесін атап өту;

— Мешітке келуші жамағаттар арасында шағын футбол спорт ойынын дамытып жетілдіру;

— Жалпы халықты спортқа тарту;

— Салауатты өмір салтын насихаттау;

Аталған жарысқа 8 команда қатысып, жарыс қорытындысы бойынша І орын Жаңаталап командасы, ІІ орын Междуреченск командасы, ІІІ орынға Пакровка командасы ие болды. Сонымен қатар жүлделі орынға қол жеткізген командалар мақтау қағаздары, медальдар, кубоктар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ж. Қабдікәрімов,

Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы

0

БЕЗ ЖЕНЩИН ЖИТЬ НЕЛЬЗЯ НА СВЕТЕ, НЕТ!

Алдыңғы ақпарат

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *