ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВСпорт

АТЫҢ БАРДА ЖЕР ТАНЫ, ЖЕЛІП ЖҮРІП…

Күрті ауылдық округ тұрғындарының денсаулығын нығайту және кешкі уақыттарын ұтымды өткізу үшін, дене шынықтырумен айналысатын тұрғындардың санын көбейту мақсатында спорт сауықтыру және бұқаралық спортпен қамту жұмыстары жүргізілуде.
Дене шынықтыру мен шұғылданушылар арасында түсіндірме жұмыстары және спорт сауықтыру топтарында оқу жаттығу жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде. Аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар кестесіне сәйкес тағайындалған спорттық іс- шаралардың өтуіне атсалысып отырамыз. «Алматы облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» ММ Іле ауданы, Күрті ауылдық округіне қарасты филиалында самбо және қазақ күрес спортымен жаттығатын балалар мен жасөспірімдер арасында түсіндірме жұмыстары және оқу жаттығу жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде. Күрті ауылдық округіндегі спорт кешенінде, №8 орта мектеп пен №41 Тоқаш Бокин атындағы орта мектептерде тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, футбол, волейбол, баскетбол спорттарынан жаттығу жұмыстары жүргізілу үстінде. Наурыз мерекесіне орай Ақши ауылындағы атшабар алаңында Қазақстан Республикасының Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын басшылыққа ала отырып, атқа міну мәдениетін дәріптеу мақсатында және де ұлттық құндылықтарды әспеттеу, оны жаңғырту аясында ат спорты аламан бәйгесі, құнан бәйгесі, тай жарысы түрлерінен Қазақстан Республикасы көлемінде жарыс өткізілді. Ат жарысына Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінен атап айтар болсақ, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарынан атбегілер аттарын әкеліп ат бәйгесіне қосты. Бірінші болып жарысты ашқан «Тай» бәйгесі,осы бәйгеге 9 тай қатыстырылып, 3 шақырымға шапты. «Тай» бәйгесінде: 1 орынды «Қызғалдақ» атты тай иеленді, тайдың иесі Мерхат Бұлғанов Талғар қаласының атбегісі. Ал, жүлделі 2 орынды «Бақ қасқа» атты тай иеленді. Тай иесі Серік Жарымбаев, Аққайнар ауылының атбегісі. 3 орынды «Байынқол» атты тай иеленді. Тай иесі Ұлан Омаров. Беріктас ауылы, Жамбыл ауданының атбегісі. «Құнан» бәйге жарысы 11 құнан қатысып, 7 шақырымға шапты. «Құнан» бәйге жарысында: 1 орынды «Қасқалдақ» атты құнан иеленді. Атбегі – Мерхат Бұлғанов Талғар қаласынан. 2 орынды «Тасқара» атты құнан иеленді, иесі Ұлан Омаров, Беріктас ауылынан. 3 орынды «Астана» атты құнан иеленді, атбегі — Ұлан Омаров Беріктас ауылынан. «Аламан» бәйгеге барлығы 18 ат қатысып,18 шақырымға шапты. «Аламан» ат бәйгесінде: 1 орынды «Ұшқын» атты ат жеңіп келді. Иесі Ерлан Байбатыров Алматы қаласынан. 2 орынды «Финомент» атты ат иеленді. Атбегісі Нұрлыбек Мұхамедияров Қарағанды облысынан. Жүлделі 3 орынды «Елік» атты ат иеленсе, «Еліктің» баптаушылары Қарасай ауданынан келген Жанколиковтар әулеті. Табысты да, тартысты өткен аламан бәйгеге бағалы сыйлықтармен марапатталды:
Тай бәйгеде – бірінші орынға жылқы, ал екінші орынға 40000 теңге ақшалай сыйлық берілді. Жүлделі үшінші орынға 30000 теңге берілді.
Ал «Құнан» бәйгеге ақшалай 50000 теңге, екінші орынға 40000 теңге берілді. Жарыс қорытындысы бойынша топ бәйгеде оза шапқан шабандоздарға «Toyota Corolla» автокөлігі және түйе. кір жуғыш машина секілді бағалы сыйлықтар тарту етілді. Ұлттық ойындар ұмытылып, халық тарапынан қолдау таппай жатқан уақытта мұндай бәгелердің болуы өте құнды. Себебі, бүгінгі спорттық аламанды көрген аға буын мен жастар, жеткіншектер алдағы уақыттарда да ең болмаса ұлттық спорттың біреуімен айналысуды өздеріне мақсат етері сөзсіз. Ұлттық құндылықты сақтауға келгенде үмітіміз ақталса, бұл да келешекке бабалар аманатының шаршаусыз жетуіне себепкер болатыны сөзсіз.

Алмас БИТМАНОВ,
Күрті ауылдық округінің спорт жөніндегі әдіскер нұсқаушысы

0

ЕРКІН КҮРЕС: БІЗ ӘЛІ ОЛИМП ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРАМЫЗ

Алдыңғы ақпарат

ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАМЫЗ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *