ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВ

ҒАСЫРДАН АСҚАН АҚ ӘЖЕ

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Энергетический ауылдық округі әкімі С. Закиржанов Өтеген батыр кенті, Қуат ықшам ауданында тұратын жасы 107-ден асқан Нұржамал Абдықалымқызы Мергенбаева әжені 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен арнайы құттықтап, ғасырдан жеті жас үлкен ғибратты ғұмыр иесінің қолын алып, хал-жағдай сұрап, құрметін көрсетті. Нұржамал Абдықалымқызы Мергенбаева 1911 жылы 2 сәуірде, Талдықорған облысы Гвардия ауданы Красногоровка ауылында қызметкерлер отбасында дүниеге келген. Әкесі Абдықалым Сейдахметов Ішкі істер халық комиссариатында қызмет атқарған, анасы – Жұмабала Cейдахметова үй шаруасымен айналысқан. Араб тілінде хат таныған. 1928 жылы 18 жасында Бинұр Мергенбаев атамызбен тұрмыс құрған. Сол уақыттағы колхозда ауыл шаруашылығында жұмыс істеген (сауыншы, егінші). Қазіргі таңда немере, шөбере, шөпшек сүйіп отырған асыл әже. Мемлекетіміздің іргетасын нығайтуға атсалысқан ақ жаулықты әже бұл күнде ел тәуелсіздігінің арқасында өздеріне көрсетілген жан-жақты қолдау мен қамқорлықты сезініп, әдемі қартаю бақытын бастан кешіруде.
Б. ЧОЙБАСОВ

0

ОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ, КӨКТЕМНІҢ МЕРЕКЕСІ

Алдыңғы ақпарат

ӘКЕ – ОТБАСЫ ҚОРҒАНЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *