Астана 20-жыл

АСТАНА ЖАЗЫ

Халқымның даңқын өсірген,

Ауасы дауа Арқаның.

Бал суын ішіп Есілдің,

Көңілімнің шері тарқады.

Қайырмасы:

Астана жазы қоңыржай,

Сарыарқа түні самал жел.

Арулар ісем бұраң бел,

Аққудай ұшқан мамырлай.

Толқындар бойын жағалап,

Қазақы әуен еседі.

Тұрғандай алдан қол бұлғап,

Балалық дәурен кешегі.

Қайырмасы:

Құшағын жайған жас қала,

Жұлдыз бен айдай көктегі.

Жасай бер жайнап, Астана,

Көңілімнің мәңгі көктемі!

Қайырмасы:

 

Скендір РЗАХЫМЕТОВ

0

«GOWORKING» ОРТАЛЫҒЫ ШАҚЫРАДЫ

Алдыңғы ақпарат

ТЫ В СЕРДЦЕ МОЕМ, АСТАНА!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *