Астана 20-жылЖаңалықтарҚоғам

АСТАНА – ОТАНЫМЫЗДЫҢ ЖҮРЕГІ, ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ!

«Қазақстанның болашағы жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деп Елбасымыз айтқандай, жас ұрпақты бәсекеге қабілетті, санасының көкжиегінің ашық болуына тікелей жауапты тұлға-ұстаз.

Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Ж.Мусаеваның ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатқан «Астананың 20 жылдығына-20 іс-шара» жобасы аясында 2018 жылдың 2 наурызы күні Жәпек батыр ауылы № 4 орта мектепте «Астана Отанымыздың-жүрегі, Тәуелсіздігіміздің-тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараны ұйымдастыруға белсенді атсалысып, оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына үлес қосып жүрген № 4 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Күшігенгова өз саласының білікті маманы, жауапкершілігі мол ұстаз.
Шара барысында мемлекетіміздің Елордасына арнап оқушылар өз шығармашылығынан туындаған арнау оқыды, патриоттық өлеңдер оқылып, Астананың тарихын баяндайтын бейнероликтер көрсетілді, «Туған ел», «Қазақпын», «Самға», «Астана-жастардың қаласы» сынды әндер орындалды, сонымен қатар жастарды рухтандыратын, жалынды леп беретін патриоттық флешмоб орындалды. Кеш қонақтары Ащыбұлақ ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы Б.Боранчинова мен аналар кеңесінің мүшесі Ж.Меңдібаева қатысушылар мен ұйымдастырушыларды мерекемен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100022826989250&hc_ref=ARQ5Q0jJbrWqh_74NzbE1CkRtJV4FYhVVnDRXGsRWX_-d2hlhL5CRAA9hNWznXtB768&pnref=story

М.ТҮЙМЕБАЕВ АУЫЛДА «АНА — ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Алдыңғы ақпарат

ОТВЕТЫ НА ВОПРОСЫ ПО ОКАЗАНИЮ ГОСУСЛУГ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *