Астана 20-жылЖаңалықтарҚоғам

«АСТАНА-МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Ащыбұлақ ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Ж.Мусаеваның бастамасымен жүргізіліп жатқан «Астананың 20 жылдығына-20 іс-шара» конкурстық жобасы аясында Ащыбұлақ ауылдық округі М.Түймебаев ауылы № 20 орта мектепте 2018 жылдың 14 наурызы күні «Астана-менің мақтанышым» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның шымылдығын қатысушылар «Атамекен» әнімен ашып, келесі айдарлар тақырыптың өзектілігін ашатын викториналық сұрақтарға берілді. Қатысушылар қойылған сұрақтарға зерек жауап беріп, өздерінің жан-жақтылық қабілетін байқатты. Сонымен қатар Елорда туралы өлеңдер оқылып, бейнероликтер көрсетілді. Қатысушылар өз шығармашылығы арқылы бейнелеген суреттерін қорғап, оған қатысты мәліметтерді баяндады және ғылыми жобаларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара Елбасының «Үш тұғырлы тіл саясатын» қолдау мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді. Қазақстан Республикасы көпұлтты мемлекет екендігіне байланысты сол ұлт өкілдері арасындағы татулық пен ынтымақтастық, бірлікті насихаттайтын «Шаңырақ» биі орындалды. Шараны оқушылар «Көк тудың желбірегені» әнімен қорытындылады.

0

ШОУ-УДАЛОСЬ!

Алдыңғы ақпарат

14 НАУРЫЗ — КӨРІСУ МЕЙРАМЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *