Астана 20-жылЖаңалықтарҚоғам

Астана, есіміңді әлем білген

Энергетик ауылдық округіне қарасты, Қарасу ықшам ауданына Сарыарқаның қақ төсінде орналасқан асқақ Астана қаласының 20 жылдығына орай бірқатар көшелеріне жаңа атау берілді. Бұрындары ешкімнің есімімен аталмаған көшелер енді еліне елеулі үлес қосқан азаматтардың атымен аталмақ. Ұлы мен қызын ұлықтаған ұлт кімдердің есіміне көше берді?

Бұған дейін бұл көше «13- линия» деп аталып келді. Астана қаласының 20 жылдығына орай орталық көше «Астана» аталатын болды. Бұл күнді асыға күткен қарасулықтар қуана мақұлдады. «Жақсылықтың ерте-кеші жоқ дейді ғой. Астананың 20 жылдық мерейтойы құтты болсын! Әрине біз қуаныштымыз!», – деді іс-шарада сөз алған ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Назарбаев. Сондай-ақ, басқа көшелер Бірлік, Ынтымақ, Тәуелсіздік деп аталмақ.

«Еліміздің егемендігі жолында осындай Бірлік, Ынтымақ, Тәуелсіздік сынды қадірлі сөздерді көше атауына беру туралы шешім қабылданды. Ауылдық ақсақалдар алқасы, жергілікті зиялы қауым өкілдерінің және қоғамдық кеңес ұсыныстарына орай, ономастикалық комисияның, аудандық мәслихаты депутаттарының шешіміне сәйкес бұл жұмыс жүзеге асырылды», – деді Энергетик ауылдық округінің әкімі С.Закиржанов.

Қарасай ықшам ауданының тұрғындарының біразы бұл көшелерге жаңаша атау берілгендігі жөнінде бейхабар. Десе де, тәуелсіздікке ұмтылып, бостандыққа қол созған жер-су атаулары қашанда ұлықталуы қажет дейді жиынға келгендер.

Астана, есіміңді әлем білген

Бағдат ЧОЙБАСОВ

0

ҮШ ДҮРКІН «АЛТЫН ҚОЛҒАПТЫҢ» ИЕСІ

Алдыңғы ақпарат

Болашақтың іргесін ірге қалаймыз

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *