Астана 20-жылЖаңалықтарҚоғам

АСТАНА – АЛТЫ АЛАШТЫҢ МАҚТАНЫСЫҢ

Шырқаған азаттықтың асқақ әнін,

Көркіне кім таласар Астананың.

Есілдің жағасынан орын теуіп,

Күн сайын өркендеген жас қаланың.

Өзіңде Нұр-ағамдай Хан шатырын,

Тіккенде демеді ешкім жаңсақ мұның.

Айналып бақ қалаға Ақмоламыз,

Жинады алты алаштың әнші-ақынын.

Жинап ап дарынды да, ғалымды да,

От берді сөнбейтұғын жалындыға.

Аз жылда өсіп-өніп, қанат жайып,

Бөледі бар қазақтың жанын нұрға.

Өркенде, өс Астанам, тілегім шын,

Жолыңа әр уақытта гүл егілсін.

Нұр-ағам өз қолымен салып берген,

Әлемдік кереметтің біреуісің.

Астана – ару қалам, үр шырайың,

Әрдайым оңнан туып тұрсын айың.

Көшеңде сан мың шырақ жымың қағып,

Ән салар тербетіліп жыршы қайың.

Астана – арман қалам, асыл қалам,

Әр түйір қымбат сенің тасың маған.

Арқалап қазағымның зор үмітін,

Жете бер ғасырлардан ғасырға аман.

Астанам той тойлатып ұлан-асыр,

Сұлудай жайраң қағып, сыланасың.

Мәңгілік Ел қақпасы мәңгі жасап,

Шайқалып бәйтерегің құламасын.

Шырқаған азаттықтың асқақ әнін,

Көркіне кім таласар Астананың.

Алаштың мақтанышы әз-Астанам,

Құтты болсын жиырмаға басқан адым.

Алмат ЕРЖАНОВ, №7 орта мектептің мұғалімі

0

ҰЛТЫМЫЗДЫ ҰЙЫСУЫ –БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Алдыңғы ақпарат

ЕЛДАНА ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *