Спорт

АШЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ


2018 жылы қазан айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында басталған ұлдар арасындағы аудандық ашық волейбол турнирінің жабылуы 2019 жылдың сәуір айының 17-күні №39 мектеп-гимназияда өтті. 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы тартысты додаға Іле ауданынан және Алматы қаласының аудандарынан 6 команда қатысып, жарыс нәтижесінде Ащыбұлақ құрамасы І-орын, Түріксіб командасы ІІ-орын және Боралдай кенті құрама командасы жүлделі ІІІ-орынды қанжығаларына байлады. Аталмыш турнирдің ұйымдастырушылары Боралдайдағы №39 мектеп-гимназияның дене шынықтыру пәні мұғалімі, тәжірибелі жаттықтырушы Ә.Амитов пен волейбол жарысының бас төрешісі С.Алланепесов.
Жастарды спортқа баулып, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауда осындай спорттық іс-шаралардың өте маңызды рөл атқаратынын айтпаса да белгілі. Олай болса, жастарымыздың дені сау, тәні сергек, рухы биік болуы – аға буынның сіңірер еңбегіне тікелей байланысты. Себебі, інінің ағаға, сіңілдің әпкеге, шәкірттің ұстазға қарап өсері анық. Сондықтан да келер ұлпаққа күлкі емес, үлгі болатын осындай істер жасайық!

Ж. БҰЗАУҚЫЗЫ,
Боралдай кенті әкімі аппаратының бас маманы

0

ШАХМАТ ЖАРЫСЫ

Алдыңғы ақпарат

Алматы облысында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 615 грант беру көзделген

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *